МТРА жаңалықтары

Аға буын өкілдерінің құрметіне – концерт

Юрий Колчин- Облыстық филармонияның камералық хорының хормейстері:

– Бүгінгі концертте бұрынғы композиторлардың туындылары орындалады. Яғни, қарияларымыз жақсы білетін әндер шырқалмақ. Ол үшін арнайы репертур таңдалды. Сондықтан аға буын өкілдерінің көңілінен шығады деп ойлаймын.

Кейін ассамблея өкілдері ардагерлерді мерекелерімен құттықтады. Бізге бейбіт күн мен бақытты балалық шақ сыйлаған жандарға деген өздерінің ыстық лебіздерін жеткізді. Шынымен де осы жандардың қажырлы еңбегінің арқасында біз бүгіндері дамыған елде өмір сүріп жатырмыз. Міне, сахна төріне әртістер көтерілді. Олар ең алдымен махаббат жайлы композицияны орындады. Кейін домбыраның сүйемелдеуімен Сәкен Сейфуллинннің «Біздің жақта» деген туындысы шырқалды.

Концертте Шәмшінің – «Арыс жағасында», «Сыр сұлуы» сынды әндері де шырқалды. Кеш қариялардың көңілінен шықты. Олар әртістермен қосыла шырқап, жырғап қалды.

Лилия Игнатович- ардагер:

– Бізді осындай кешке әдейілеп шақырған жандарға алғысым шексіз. Жас, дарынды әншілерді көрдім. Дауыстары қандай тамаша. Көңіл күйім көтеріліп қалды. Жалпы елімізде мұндай мерекенің болғаны жақсы. Біз көпұлтты мемлекетте тұрамыз. Достығымыз әрқашан мығым болып, аға буын өкілдеріне деген құрмет азаймасын.

Қарттарды қолдау айлығы аясында ассамблея өкілдері әлі бірқатар қайырымдылық шаралар ұйымдастырмақ. Олардың қатарына түскі астар және ардагерлерге мекенжайлық көмек көрсету шаралары кірмек.

 

Магжан Ахмадина