МТРА жаңалықтары

Жамбыл ауданында “артемия салина” деп аталатын құртты аулаған браконьерлер ұсталды

Құқықбұзушылықтың бірі Жамбыл ауданында орын алған. Онда Қызылжар ауданының екі тұрғыны заңсыз “артемия салина” деп аталатын құртты аулаған. Олардан жалпы салмағы 550 келіге дейін жететін ішінде аталған құрт бар 15 қап тәркіленді. Қазіргі таңда бұл фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Жалпы жыл басынан өңір полицейлері табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 700 фактісін анықтаған. Оның дені балық аулау тәртібіне қатысты.

Олег Беспалов – Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті облыстық аумақтық инспекциясының бөлім басшысы:

– Сараптама көрсеткендей құқықбұзушылардың көбі өздеріне рұқсат етілген құстарды артығымен атып алып жатады. Сонымен қатар, аулағандарын жолдамада белгілемейді. Бұндай заңбұзушылық жасаған тұлғаға қатысты әкімшілік жаза тағайындалып 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

Асхат Қожабаев – СҚО ІІД ЖПҚ табиғатты қорғау полициясы бөлімшесінің инспекторы:

– Облыстың аумақтық бөлімшелерінде өзге де табиғатты қорғаушы қызметтермен бірігіп мобильді топтар құрылды. Енді бірігіп рейдтік шараларды жиі жүргізетін боламыз. Бұндай шараның арқасында 8 күннің ішінде 4 қылмыстық іс қозғалды, қазір оларға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Риат Шони