Білім

Қала әкімі мұғалімдерді мерекесімен құттықтады

Марат Тасмағанбетов, Петропавл қаласының әкімі:

– Мұғалімдердің жас патриоттарды тәрбилеуде қосар үлесі мол. Бұл ретте барлықтарыңызды төл мерекелеріңізбен құттықтаймын.

Кезек ұл-қыздың бойына білім нәрін сіңіріп, азамат ретінде қалыптастыруға үлес қосып жүрген ардақты мамандық иелерін марапттауға келіп жетті. Жақында ғана ашылған «Нұр сәт» балабақшасының меңгерушісі Зәукен Галимова мен «Балалар мен жасөспірімдер орталығының» директоры Юрий Мощенко облыс әкімінің құрмет грамоталарымен марапатталды.

Ал, 23 жылын мұғалімдікке арнаған Айнаш Мейрамғалиева қала әкімінің алғыс хатын алды. Педагог облыс орталығындағы 9-шы орыс орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ беріп келеді.

Айнаш Мейрамгалиева, №9 орта мектептің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі:

– Бірінші сынып оқушыларын жылда қабылдаймын. Биыл жаңа бағдарламаны меңгердім. Бұл қиындық тудырмайды.

Шараға білім саласының ардагерлері де қатысты. Алтын Сейітова өзінің 40-жылға жуық уақытын ұстаздық етуге арнапты. «Еңбек ардегері» төс белгісі де кеудесінде жарқырап тұр. Әр күнін оқушы тәрбиесіне арнаған ұстаз бүгінде “Ақбота” балабақшасына жетекшілік етеді.

Алтын Сейітова, «Ақ бота» балабақшасының директоры:

– Шәкірттерім көп. Олар барлық уақытта хабарласып тұрады. Мұғалім үшін оқушысының өзінен озғаны үлкен жетістік.

Жалпы бүгін 9 мұғалім марапатқа қол жеткізді. Кейін, жиылғандар бір-бірін мерекелерімен құттықтап, Петропавлда орын алып жатқан білім саласындағы алғабасушылықтарды атап өтті. Айта кетейін, бүгінгі күні облыс орталығында 37 жалпы білім беретін мектепте 2000-нан артық ұстаз тер төгуде.

 

Акбопе Танирберген