МТРА жаңалықтары

Петропавлда мектеп орманшыларының облыстық 5-ші слеті өтуде

Жансерік Өмірбаев, «Зеленая планета» командасының мүшесі, Шал ақын ауданы:

– Бұл конкурсқа бірінші рет қатысып отырмын. Түске дейін 2 кезеңнен өттік. Жеңіске жетеміз деген ойдамын.

Әр топ 4 баладан жасақталған. 7-11 сынып оқушылары жарыста теориядан бөлек, табиғат аясында үздік зоолог, биолог, турист сынды номинацияларда да бақтарын сынайтын болады. Жалпы бұндай танымдық жиын облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бастамасымен ұйымдастырылып отыр.

Абылайхан Қайроллаев, СҚО жастар мәслихатының төрағасы:

– Слеттің басты мақсаты – облысымыздың жастарының, оқушыларының бастарын қосып, аудандарындағы орман экологиясының мәселелерімен бөлісу.

Жеңімпаздар 1-ші, 2-ші және 3-ші орындар бойынша анықталады. Оларға мақтау қағазы мен ақшалай сыйлықтар табыс етіледі. Сондай-ақ, түрлі номинациялар бойынша өздерін жақсы қырынан танытқан оқушылар да марапатталады. Бірінші орынды жеңіп алған топқа 30 мың теңге жүлде қарастырылып отыр.

 

Айсулу Сергали