МТРА жаңалықтары

Петропавлда “Қазақша сөйлесейік” акциясы өтті

Бұған дейін облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының мамандары аталмыш акцияны “Қазақша сөйлейік” деген ұранмен банк филиалдары, емхана, вокзал сынды орындарда өткізген екен. Ал, бұл жолғы мақсат – такси парктерінде диспетчерлік қызмет көрсететін мамандарға мемлекеттік тілде қызмет көрсету жайын насихаттау, такси қызметіне жүгінушімен арада қазақ тілінде байланыс орнату.
Жалпы такси қызметі байланыс орталығының Петропавлдағы бөлімшесінде 100-ден артық оператор жұмыс істейді. Олар қоңырауды қабылдап, клиент таңдаған тілде қызмет көрсетеді.

Марина Литвинова, Такси қызметі байланыс орталығының Петропавлдағы бөлімшесінің директоры:


– 2014 жылдан “Такси Максим” халықаралық қызмет көрсету орталығының Қазақстандағы бөлімшелері бойынша жұмыс жасаймыз. Басында қоңырауларды орыс тілінде ғана қабылдадық. Кейін қазақ тілді клиенттердің көптеп хабарласатынын байқап, мемлекеттік тілде қызмет көрсету қажет екенін ұқтық. Бірден қазақ тілді мамандарды жұмысқа қабылдадық.