Спорт

СҚО-да ардагерлер арасында шахмат, дойбы және тоғызқұмалақ ойындарынан сайыс өтті

Ескендір Елеусізов – СҚО ардагерлер кеңесінің төрағасы:


–  Бұл жолы өтпелі кубок болады. Яғни, бір жылы жеңімпаз атанғандар, келесілерге беріп отырады.

Ұйымдастырушылар қатысушыларға ойын ережесін түсіндірісімен, сайыс басталып кетті. Аталмыш турнирде жеңімпаз атану үшін келіп отырғандардың бірі – Шал ақын ауданының азаматтары. Олар жыл сайын бұл жарыста жүлделі орындардан көрініп келеді. Биыл да жеңіске жететіндеріне сенімді.

Тұрар Оразалин – Шал ақын аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

– Біздің ауданның ардагерлері спортқа жақын. Бүгінгі жарыста біздің ардагерлер жеңіске жететіні сөзсіз.

Зипа Тұңғатарова жарысқа Айыртау ауданынан келіп отыр. Жасы 60-тан асқан сайыскер тоғызқұмалақ ойнауды зейнетке шыққан кезінде ғана үйреніпті. Бүгін ол облыс көлеміндегі мұндай жарысқа алғаш рет қатысып отыр. Дегенмен, жеңіс тұғырынан көрінуге үмітті.

Зипа Тұңғатарова – жарысқа қатысушы, Айыртау ауданы:


–  Мен облыстық жарысқа бірінші рет қатысып отырм. Сайыс ережесін аса білмегендіктен бірінші ойында жеңілдім. Бірақ қалған кездесулерде жеңуге тырысамын.

Жарыс нәтижесі бойынша жеңімпаз атанған қатысушыларға диплом, медаль және бағалы сыйлықтар табысталмақ.

Айгерім Ержанова