Қоғам

Петропавлда шешен, ингуш халықтарының фестивалі өтті

Би мектебіне бармаса да жоғары дәрежеде орындап жиын-тойлардың көркін қыздырып жүреді. Ахмед 2 жаста болғанда ата-анасы Шешен республикасынан біздің өңірге көшіп келген екен. Сол уақыттан бері Қазақстан екінші отанына айналған.

Ахмед Дудаев, «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің мүшесі:


– Ертеректе қызбен танысудың бір ғана жолы болыпты. Тек кештерде ұнаған қызыңды лезгинкаға шақырып, өзіңнің сезіміңді тек би арқылы жеткізуің тиіс болған. Лезгинка – тау халықтарының ортақ биі. Кавказдар да, грузиндер де, шешендер де билейді. Әрқайсысының орындауы бір-біріне мүлде ұқсамайды. Орындауы да өзгеше, ырғағы да басқа. Біздің барлық туған-туыстарымыз Шешен республикасында тұрады. Тарихи Отаныма жиі барамын.


Кеште шешен, ингуш халықтарының тілінде көптеген әндер орындалды. Шараға Жамбыл ауданынан келген атауы қазақша “заман”, “дәуір” деген мағынаны білдіретін “Зама” тобы ән шырқауда.

Муса Дадаев, «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы:

– Салт-дәстүр, жол-жоралғыларымыз, мәдениетіміз негізінен Шығыс халықтарына келеді. Ал, тілдері түркі тектес халықтарға ұқсас. “Вайнах” шешен-ингуш этномәдени бірлестігі 1995 жылы құрылған. Сол уақыттан бері өзге де ұлт өкілдерімен бірлесіп түрлі шаралар өткіземіз. Қаладағы №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінде шешен және ингуш тілдері оқытылады. Балаларымыз мәдениетіміз бен өнерімізді, салт-дәстүрімізді сол жерде үйренеді. Өзге халықтар жайлы да біледі.

Сондай-ақ, бүгін аталмыш этномәдени бірлестіктің белсенді мүшелері марапатталды.
Қазіргі таңда Солтүстік Қазақстанда 2 жарым мың шешен, ингуш ұлттарының өкілдері тұрады.

Акбопе Танирберген