МТРА жаңалықтары

Жыл басынан бері СҚО-да жер қойнауын пайдалану туралы заңын бұзудың 10 фактісі тіркелді

Сәйкесінше, оған қажетті құм, балшық, қиыршық тас сынды материалдарға сұраныс еселеп артқан. Осыны білген кейбір пысықайлар қала маңындағы жерлерді заңсыз қазып, пайдалы қазбаларды компанияларға арзанға өткізіп жатыр. Мысалы, Жұмысшы кентінің маңында мына жерді қала тұрғыны былтырдан бері қазып жүрген. Осы учаскеден шамамен 50 Камаз балшық шығарылыпты. Жақында табиғат қорғау прокурорлары экология департаментімен бірлесіп өткізген рейд барысында заңбұзушылықтың үстінен түсті. Аталған азамат енді 50 АЕК көлемінде айыппұл және табиғатқа келтірген шығынды төлеуге міндеттелмек.

Жаслан Смағұлов – СҚО мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры:


– Әлгі жеке тұлға түн ортасында ауыр техникаларды пайдаланып, осы жерден балшық қазып алып жатқан жерінен ұсталды. Қасында бірнеше жалдамалы жұмысшысы болды. Олар бұл жерден шамамен 50 Камаз балшық шығарған. Оны үй, жол салатын құрылыс компанияларына арзанға өткізіп отырғанын кейін анықтадық. Жеке тұлғаның Камазы мен экскаваторы уақытша айыппұл тұрағына қойылды. Қазіргі таңда қазылған материалдың мөлшеріне қарап, табиғатқа келтірілген шығын есептелуде. Төлейтін ақшасы болмаса, дүние-мүлкі мен жеке меншігіндегі техникалары тәркіленеді.

Биыл аталмыш факт қала маңында ғана емес, Ғ.Мүсірепов, Қызылжар, Шал ақын, Тайынша аудандарында жиі орын алған. Заңбұзушылық жасаған жеке тұлғалар – 50, ал заңды тұлғалар 100-500 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуге міндеттеледі. Пайдалы қазбалардың орны толмайды. Сондықтан, оны ретсіз қолдануға жол бермеу керек дейді қадағалаушы орган өкілдері.

Жаслан Смағұлов – СҚО мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры:


– Жыл басынан бері рейд шаралары барысында табиғат қорғау прокуратурасы пайдалы қазбаларды заңсыз қазып алудың 10 фактісін тіркеді. Оған қатысы барлардың 6-уы – жеке, 4-уі – заңды тұлға. Барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға жалпы сомасы 2 млн теңгенің айыппұлы салынып, бүгінде өндіріліп алынды. Қазіргі таңда табиғатқа келтірілген шығын есептелді. Ол 9 млн теңгені құрайды. Шығын әзірге өндіріліп алынған жоқ.

Жауапкершіліке тартылған жеке тұлғалардың тұрақты жұмысы жоқ. Сондықтан, олар осы істі негізгі табыс көзіне айналдырып алған. Бүгінде облыс аумағында заңды 52 жер қойнауын пайдаланушы бар. Құрылыс компаниялары құм, қиыршық тас, балшықты солардан алуға міндетті. Себебі,
жер қойнауын пайдаланушылар пайдалы қазбаларды ретімен қолданып, мемлекетке салық төлейді.
Бүгінде ҚР-ның Бас прокуратурасы “Қазақстан ғарыш сапары”ҰК-мен жерсеріктен түсірілген суреттерді алу жөнінде келісім-шартқа тұрған. Ғарыштан түсірілген жер суреттерінің аталмыш фактілерді дер кезінде анықтауға мүмкіндік беріп қанай қоймай, сотта бұлтартпас айғақ ретінде қолдануға заңды күші бар.

Берик Касен