Денсаулық сақтау

СҚО-да тұмау және жедел респираторлық инфекцияның алдын алу жөнінде айлық бастау алды

Бұл – түрлі инфекциzлардың қылаң беріп келе жатқанының айғағы. Бірақ, жедел респираторлық ауру мен тұмаудың қозатын нақ шағы – қары мен жаңбыры аралас жүретін күздің қазан-қараша айлары. Бұл ретте өңірде аталған дерттердің алдын алу айлығы бастау алды.

Юрий Пузиков, СҚО тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары:

– Алдын алу шарасының биылғы жылға арналған жоспарын әзірлеп қойдық. Оқыту-семинарларын өткіземіз, жадынамалар таратылады. Екпеден бас тартатын жандарға кеңес береміз. Негізінен түрлі вирустар қазанның бірінен тарай бастайды. Бұдан кейін қаңтар-ақпан айларында тағы бір толқыны болады.

Өткен аптада ғана өңір ауруханаларына денсаулығына шағымданып 736 адам келіпті. Оның барлығы да жедел респираторлық инфекциясын жұқтырған екен.
Қазанның бірінен өңірде екпе егу науқаны басталады. Ендігі солтүстік өңірге облыстық бюджеттен қаржы қарастырылып, оның 60 мың дозасына тапсырыс беріліп қойған.
Сондай-ақ, емханаларда арнайы фильтр бөлімдері қарастырылған. Мұнда тұмау немесе өзге де инфекция жұқтырдым деген күмәнмен келген адам кезек күтіп тұрмай, бірден дәрігер қабылдауына кіре алады.

Салтанат Умутбаева, 3-ші қалалық емхананың эпидемиолог дәргері:


– Біздің емханадада үш фильтр бөлімі жасақталған. Таңертеңнен кешке дейін жұмыс жасайды. Сырқаттар инфекцияларын өзгеге жұқтырмауы үшін фильтрге сырттан арнайы жеке кіріп-шығу есігі де қарастырылған. Ал, вакцинация Қарттар үйіндегі азаматтар мен балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне, жүкті әйелдер мен денсаулығы әлсіз балаларға, медициналық қызметкерлерге тегін жүргізіледі.

Петропавлдық тұрғындар суық тигізіп алмаудың жолдарын жақсы біледі. Әсіресе, жастар үй жағдайында емделмей, бірден дәрігердің көмегіне жүгінген жөн деп санайды.

Биыл дәстүрлі вакцинациялау науқаны өңірде қарашаның 15-іне дейін жүргізіледі.

 

Акбопе Танирберген