МТРА жаңалықтары

Петропавлда «Шын жүректен – алғашқы көмек» республикалық акциясы өтті

Азамат Уақбаев – СҚ медициналық колледжінің студенті:


–  Жаралар веноздық және артериялық болып екіге бөлінеді. Сондықтан, көмек көрсетер алдында жараның қайсысына жасайтындығын анықтап алған жөн. Артерриялық жара ең қауіпті. Сондықтан, ондай жара кезінде ең алдымен қолды бинтпен орап, жгут салу керек. Жгутты жаз кезінде 2 сағатқа, қыста 1 сағатқа салынады. Кейін уақытын белгілеп қою керек. Жгут салғаннан кейін жараны спирт қосылған ертіндімен өңдеу керек.

Шараға қатысушылардың бірі – Махаббат Сарыбай. Гуманитарлық техникалық колледждің 1-ші курс студенті өзіне көрсетілген реанимациялық шараларды енді өзі жасап байқауда. Өйткені, ол оқыс жағдайда зардап шеккен адамға уақытылы көмек көрсетілсе, оның өмірін сақтап қалуға болатындығын біледі.

Махаббат Сарыбай – Гуманитарлық техникалық колледждің студенті:

– Бүгінгі іс-шара кезінде мен адам ес-түссіз жатқан кезде оған қалай көмек көрсету керектігін үйрендім. Егер де ол ес-түссіз жатса, оның пульсін тексереміз. Әрбір адам осындай жағдайға тап болуы мүмкін. Сондықтан, біз көмек көрсете білуіміз керек.

Бір сәтке болсын дәрігерлердің рөлін атқарып көрген жастар, ақ халатты абзал жандардың жұмысы қаншалықты қиын екендігін сезінді. Өйткені, көп жағдайда адам өмірін сақтап қалу осы алғашқы медициналық көмектің сапалы көрсетілуіне байланысты.
Шараны ұйымдастырушы Ассамблея өкілдерінің айтуынша, бұл тұрғындар арасында әлеуметтік жауапкершілікті арттырып, адам өмірін сақтауда баршамыздың көмек көрсете білуіміздің маңызды екендігін ұғындырады. Тағы жастардың сауаттылығын арттыруға сеп болады. Ал акцияға белсенді қатысқан әр азамат құрмет грамоталарына ие болды.

Мағжан Ахмадина