Солардың бірі – Петропавл қаласының қорғаныс iстерi жөнiндегi басқармасы. Олар келісім шарт бойынша әскери қызметке жас жігіттерді қабылдауда.
Дархан Нұрмағамбетов – Петропавл қаласы қорғаныс iстерi жөнiндегi басқармасы келісім шарт бойынша қабылдау бөлімінің сержанты:
– Біз келісім шарт бойынша әскери қызметке 19 бен 42 жас аралығындағы азаматтарды қабылдаймыз. Олар еліміздің кез-келген қаласында жұмыс істей алады.
Бүгінде Петропавл қаласы бойынша еңбекпен қамту деңгейі 95,7 пайызды құрап отыр. Жоспар бойынша биыл 4450 тұрғын жұмысқа орналасуы қажет, әзірге 9 айдың қорытындысы бойынша 3441 адам екі қолға бір күрек тапқан.
Гүлмира Жәкенқызы – Петропавл қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы:
– Жалпы бізде қала бойынша 617 адам жұмыспен қамту орталығында тіркелген. Олардың 260-ы қоғамдық жұмыстарға орналастырылған, 139-ы жастар практикасын өтіп жатыр және 105 адам әлеуметтік жұмыс орындарында жүр.
Жәрмеңкеде жұмыс іздегендердің бірі – Галина Чернакова. Зейнетке шығуына бір-ақ жыл қалыпты. Алайда, бұрын жұмыс істеген орнының жабылуына байланысты үш ай бойы қол қусырып отыр. Нәзік жанды бүгін екі қолға бір табатынына сенімді.
Галина Чернакова:
– Мен мұнда барлық ұсыныстарды қарап шықтым. Кеңсе тауарлары дүкеніне сатушы керек екен. Анықтамаларын, телефон нөмірлерін жазып алдым. Енді сонда жұмысқа тұруға барамын.
Кезекті бос орындар жәрмеңкесінің өтуін облыс әкімі Ерік Сұлтанов байқады. Аймақ басшысы жұмыс беруші ұйымдардың өкілдерімен тілдесіп, қандай мамандардың керектігін сұрастырды.
Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
– Инженер-технолог мамандарды жұмысқа міндетті түрде алу қажет. Егер де тәжірибесі болмаса өздеріңізге алып, үйретіңіздер. Жалақысы кем дегенде 90-100 мың болу керек. Ертең болашақта технологқа дейін көтерілгенде айлығы 400-500 мың теңге болады. Қазір технологиямен көп нәрсе байланысты.
Аймақ жетекшісі басымдықты жұмысшы мамандықтарға беру қажеттігін айтты. Олардың жалақыларын арттыру керек, сонда ғана тұрғындар ойланбастан еңбек етуге келетіндігін қаперге салды.
Айта кету қажет, жыл соңына дейін Петропавл қаласында тағы 4 бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылмақ.
Риат Шони