Аптадағы маңызды жаңалықтар

Өңірде дизель тапшылығы жоқ

Мұны байқаған тұрғындар қоғамдық көліктің жүруіне қажет солярка тапшы деп қызу талқыға алған болатын. Алайда, облыс басшылығы бұл жағдайды алып-сатарлардың ісі деп түсіндірді. Олар халық арасына елімізде дизель тапшы деген қауесет таратып, оның бағасын арттырған. Жалпы, қазір еліміздегі кейбір жанар-жағармай құю бекеттерінде солярка талон бойынша сатылуда. Дизельдің осылай саудаланатындығын Энергетика министрлігінің сайтында осыдан 4 күн бұрын хабарланған болатын.

Евгений Глотов – СҚО кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы:


–  Қазіргі таңда республиканың біраз аймағында орақ науқаны жүріп жатқандықтан шаруаларға дизель отыны қажет. Осыны пайдаланып алып-сатарлар солярка құнын арттырған.
Қазіргі күні өңірде дизельдің тапшылығы жоқ. Талон бойынша және еркін саудаланып та жатыр тек әр түрлі бағамен. Алдағы уақытта облыстағы жанар-жағармай құю бекеттерінде жағдай түзеледі деген ойдамын.


Байболат Құлтанов