Ауыл шаруашылығы

Облыстық демократиялық коалиция күштері Ұлт жоспарының 3 бағытын талқылады

Соңғы жылдары теріскейде машина жасау, өнеркәсіп саласы қарқын алған. Қазір өзімізде шетелдік машиналардан еш кем түспейтін ауыл шаруашылығы және коммуналдық техникалар шығарылуда.

Артур Молдағұлов – «Нұр Отан» партиясы СҚОФ төрағасының бірінші орынбасары:

– Осымен екінші жыл қатарынан орақ науқанына облысымызда құрастырылған «Сампо Азия» комбайндары қатысуда. Өнімділігі жоғары әрі бағасы жағынан олар шетелдік техникаға қарағанда арзанырақ. Биылдан бастап бізде «Батыр» тракторлары да шығарылып жатыр. Тағы “ЗИКСТО”, “Петропавл ауыр машина жасау”, Киров атындағы зауыттарды да атап кетуге болады. Бұлар да машина жасау саласына қажетті көптеген құрылғылар жасайды.

Тәуелсіздік алған жылдардан бастап елімізде шағын және орта бизнес те елеулі дамыды. Өзімізде дайындалатын ұн, сүт ет өнімдері шетелдерге экспортталуда. Осы ретте кәсіпорындарымыздың бәсекеге қабілеттілігін арттыра түсіп, өңірде ауыл шаруашылығы өнімдерін көптеп шығаруға басымдық берген жөн дейді коалиция мүшелері.

Евгений Кинцель – «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы СҚОФ төрағасының орынбасары:


–  Біріншіден, ол үшін бізде шикізат жетерлік. Екіншіден, жаңа өндіріс орындары ашылса, тұрғындар көптеп жұмыспен қамтылады. Тағы импорттық тауарларға сұраныс азаяды. Бұл экономикалық өсімге алып келері анық. Тағы саланың дамуына бізде барлық мүмкіндіктер жасалған. Оның үстіне облысымыз Ресей аймақтарымен көршілес болғандықтан, тауарларды саудалауда қиындық туындамайды.

Тағы кездесуде кадрларды даярлау мәселесі айтылды. Жиынға қатысушылар кәсіпорындар шығарған тауардың сапасын қадағалайтын қоғамдық бақылау жасау керектігі жайлы ұсыныстарын да ортаға салды.

Мағжан Ахмадина