МТРА жаңалықтары

Биыл өңірде 1 мыңнан астам сурдо-тифло-құрылғылар мен 300 мүгедек арбасы сатылып алынды

Жыл сайын оларға протезді-ортопедиялық көмек көрсетіліп, сурдо-тифло-техника мен мүгедектер арбасы беріледі. Биыл бұл мақсатта облысымызда 60 млн теңге жұмсалған.

Надежда Завьялова – СҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы:


–  Ағымдағы жылы біз 300 мүмкіндігі шектеулі жанға арба мен 1 мыңнан астам сурдо-тифло-техника сатып алдық. Сонымен қатар, Ақмола облысында орналасқан «Алмаз» санаторлы-курорттық емдеу мекемесіне 400-ге жуық адамды жібердік. Жалпы жыл соңына дейін 849 солтүстікқазақстандықты санаторлы еммен қамту жоспарланған.

Бұдан бөлек, өңірімізде қарияларға арналып тегін концерттер мен түрлі шаралар ұйымдастырып тұрады. Мұның барлығы, әсіресе, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау айлығы кезінде жиі өткізіледі.

Надежда Завьялова – СҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы:

 


–  Бір ай ішінде біз 100 жасаған тұрғындарға, 50 жылдан артық бірге тұратын жұптармен кездесіп, оларды марапаттаймыз. Сонымен қатар, аз қамтылған отбасылар мен жалғызбасты зейнеткерлерге және мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік көмек көрсетеміз. Яғни, қыстық отындарын дайындап, үй жөндеу жұмысына қолғабыс жасаймыз.

Айту керек, аталмыш айлық аясында облыс орталығында қыркүйектің 17-сі күні қайырымдылық сенбілігі өтті. Шараға 133 мыңға жуық адам қатысты. Бұдан түскен қаражат қарттар мен мүгедек жандарға көмек көрсетуге жұмсалмақ.