МТРА жаңалықтары

Петропавлда экологиялық «Таза орман» акциясы өтті

Теріскей өңірі үлкен әрі әдемі ормандарымен ерекшеленеді. Сол себепті, бұл құндылықты қорғап, тазалықта ұстау әрбір тұрғынның парызы деп есептейді болашақ маман.

Жантас Нұрманов, ПҚЭК студенті:

– Біз бүгін “Простоквашино” демалыс базасында өтіп жатқан сенбілікке келіп отырмыз. Бұл шараның өтетіні жайлы жарнамадан білдік. Біз үшін басты мақсат жеңіске жету емес, қоршаған ортамызға қамқор болып, тазалықта ұстау.

Акцияға қатысушыларға алдымен қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау беріліп, кейін оларға жұмысқа қажетті құрал-саймандар тапсырылды.

“Таза орман” акциясы Петропавлда екінші жыл қатарынан өткізіліп отыр. Шараның басты мақсаты – ормандарда абаттандыру жұмыстарын жүргізіп, құрылыс және тұрмыстық қалдықтар мен қоқыс үйінділерін жою.

Абылайхан Қайроллаев , “Жас Отан” ЖҚ Петропавл қалалық бөлімінің жетекшісі:

– “Таза орман” сияқты акциялардың өткізіліп тұруы өте қажетті. Қала маңындағы ормандарды тазалап, күтіп ұстау керекпіз.

Жалпы акция нәтижесінде, орман ішінен жарты тоннадан астам қоқыс шығарылды. Оның 150 келісін Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенттері, 177 килограмын ПҚЭК-нің ұжымы жинаған. Ал, Темір жол колледжінің жастары 186 келі қоқыс терген.
Осылайша жарысып жүріп сенбілікке белсенді қатысқан үздіктерге бағалы сыйлықтар, өзге қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.

 

Айсулу Сергали