Спорт

Петропавлда байкерлер маусымы жабылды

Өйткені, бәрінің қызығушылықтары бір. Ол – мотоспорт. Қуаты мен бағасы жағынан бір-бірінен асып түсетін мотоцикл мен квадроциклдерді қызықтау үшін қала тұрғындары да көптеп келді.

 

Игорь Доморожев – «Северный ветер» мотоклубының мүшесі, Петропавл қаласы:

–  Бұл – 9-шы жалпы қалалық мотомаусымның жабылуы. Ауа райы әдеттегідей жақсы. Біз Петропавл көшелері арқылы жүріп өтіп, қала сыртына шығамыз. Онда достарымызбен әңгіме-дүкен құрып, бір жыл ішінде кім қандай жарыстарға қатысып, қандай жетістіктерге жеткендерін талқылаймыз. Жаңа қосылған байкерлерге ақыл-кеңестерімізді айтып, жолда жүру ережелерін сақтауды ескертеміз.

Михаил Бесчастных 16 жасынан бастап мотоцикл жүргізеді екен. Тіпті, 8 жыл өтілі бар байкер үш рет жол-көлік оқиғасына түскен. Соңғы апаттан соң ер азамат бір жыл бойы ауруханада ем-дом қабылдапты. Дәрігерлер оның мотоциклге отыруына қарсылық танытса да ол бұл спорт түрін тастамаған.

Михаил Бесчастных – «Вольному воля» мотоклубының мүшесі, Омбы қаласы, РФ:

–  Біз мотомаусымның жабылуына арнайы келіп отырмыз. Мотоциклмен жүргенде еркіндікті, ескен самал желді сезінемін. Бұл көлік сол жерімен ұнайды. Көпшілік қауіпті десе де 2 доңғалақты көлікті жүргізу менің жаныма жақын әрі мен үшін ыңғайлы.

Мотошеру қаланың орталық көшелері арқылы Жеңіс саябағына дейін жалғасты. Жалпы салтанатты шараға жүзге жуық байкер қатысты.

Айнұр Беисова.