МТРА жаңалықтары

Өңірде “Ұстазыңды құттықта” акциясы бастау алды

Ол аталған оқу ошағында табаны күректей 35 жыл жұмыс істеген. Шәкірттерге ән-күй мен география пәнінен сабақ беріпті. Дөңгелек үстел басына жиналған жастарға ардагер ұстаз өзінің еңбек жолы мен студенттік шағындағы қызықты оқиғаларын әңгімелеуде.

Татьяна Вартанова – ардагер ұстаз:


–  Адамның өмірінде студенттік күндер мәңгі есте қалады. Өйткені, жас күніңде небір қызықты оқиғаларды бастан кешіресің. Ал, оқу орнын тәмамдап, маман атанғанда жауапкершіліктің жүгі мойныңа артылады. Мен өзімнің алғаш оқытқан тобымды әлі білемін. Олар сабақтан қашып, үнемі кешігіп жүретін. Кейін, студенттердің бәрі диплом алды. Қазір сол түлектерім маған хабарласып, хал-жағдайымды біліп тұрады.

Сондай-ақ, бүгін Татьяна Вартанова өзінің ізбасарларына ақыл-кеңесін де айтты.
Жиында ардагер ұстазды М.Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжінің ұжымы алдағы кәсіби мерекемен құттықтап, гүл шоғын тарту етті.

Татьяна Вартанова – ардагер ұстаз:

–  Мен өзім ұстаз болуды бала күнімнен армандадым. Әр адам өзінің мамандығын жақсы көруі тиіс. Сонда ғана ол жақсы нәтижеге қол жеткізеді. Мен күн сайыс жұмысқа ерекше көңіл-күймен баратынмын. Оқушымның қуанышты жүзін көріп, оларға білім беруді жаным сүйді.

Шара соңында студенттер ардагер ұстазға жас маман атанған сәттегі қиындықтар жайлы сұрақтар қойды. Олардың сауалдарына қадірменді қонақ ауыртпалыққа төзе біліп, білікті шәкірттерді тәрбиелуге тілек тілдірді.

Мадина Абдулманова – М.Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжінің студенті:

– Бүгінгі жиын өте қызықты өтті. Мен, Татьяна Вартановадан өзіме қажет көп мағлұмат алдым.

Бүгінде М.Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжінде 6 мамандық бойынша 1100-ден аса студент оқиды. Жастарға 80-ге жуық мұғалім сабақ береді. Оның 4-еуі – ардагер ұстаз.

 

Байболат Құлтанов