МТРА жаңалықтары

СҚО-да «Жастар кадрлық резерві» жобасының екінші кезеңі бастау алды

Бүгінде ол М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-де радиотехника, электроника және телекоммуникация мамандығы бойынша білім алуда. Болашақта Мадина «Жас Отан» ЖҚ «Жастар кадрлық резерві» жобасы арқылы іріктелініп алып, жақсы бір жұмыс орнын таппақ ниетте.

Мадина Рахметова – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті:


–  Мен алдағы уақытта өз мамандығым бойынша жұмыс істеймін ба әлде жоқпа екенін әлі шешкенім жоқ. Мүмкін осы жоба арқылы жақсы бір мекемеге орналасармын.

Заманауи және тиімді басқарушылардың шоғырын қалыптастыру. Жоба көздеген басты мақсат – осы. Шарт бойынша үміткерлер 4 кезеңнен өтеді. Ең әуелі тіркелу, кейін сұхбаттасу, бұдан соң оқыту және тағылымдамадан өту. Сыннан сүрінбей өткендері резервист атанады. Басты талаптардың бірі – қазақ, орыс және шет тілдерді білу қажет. Ол арнайы баллмен есептеледі.

Мұса Танақұлов – “Жас Отан” ЖҚ СҚОФ төрағасы:


–  «Жастар кадрлық резерві» жобасы 2009-шы жылдан бері сәтті жұмыс істеп келеді. Биыл облыс бойынша бұған 111 адам қатысуға ниет танытты. Оның 40-ы екінші кезеңге өтті. Жалпы жобаға жасы 18 бен 29 аралығындағы кез келген адам қатыса алады.

Жалпы биыл «Жастар кадрлық резерві» жобасына қатысуға ел бойынша 1215 адам өтініш білдірген. Оны 691-і келесі кезеңге өтіпті.

 

Риат Шони