Өнеркәсіп

Қыркүйек айының соңғы жексенбісі – Машинажасаушылар күні

3 жылдан соң ер азамат зейнеткер атанбақ. Ал оған дейін Алесандр Беленький өз ізбасарларын тәрбиелеп, білген-түйгенімен бөлісіп жүр.

Александр Беленький – “С.М.Киров атындағы зауыт” АҚ радиоаппаратура реттеушісі:


–  Бұл зауытқа мен 81-ші жылы келдім. Жұмысқа алдымен аспапшы болып орналастым. Қазір радиоаппаратура реттеушісі болып қызмет етемін. Жұмысым өзіме ұнайды. Еңбегімнің бағаланып жатқанына қуаныштымын. Бұл марапат менің жұмысқа деген ынтамды одан әрі арттыра түспек.

Қазір зауытта 700-ден астам азамат еңбек етеді. Биыл олар 7 млрд теңгеден астам қаржыға тапсырыс алып, оның 90%-ын орындаған.

Виктор Сизиков – “С.М.Киров атындағы зауыт” АҚ өндіріс басшысы:


–  Бізідің зауытта телемеханикалық, радиобайланыстық бөлшектер дайындалады. Қорғаныс, ауыл шаруашылығы министрлігінің тапсырыстарын орныдаймыз. Қазір бізде құрылғылар жаңартылып, жаңа цехтар жұмыс жасауда. Бүгінгі таңда біз 5 млрд теңгеден астам қаржының тапсырысын орындадық. Жұмысшылар берілген тапсырманы тиянақты орындайды. Жалақылары да жақсы. Орташа есеппен 100 мың теңге алады.

Салтанатты шарадан соң, Киров атындағы зауыттың қызметкерлері мен “Қазақтелеком” АҚ мамандары шағын футболдан жолдастық кездесу өткізді.

 

Айгерім Ержанова