Бизнес және экономика

Қазанның 3-і ескі үлгідегі 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттар айналымнан шығарылады

Сондықтан, 10 жыл қолданыста болған ескі үлгідегі 2000, 5000 және 10 мың теңгелік банкноттар биыл қазанның 3-і айналымнан толығымен шығарылдады. Демек, онымен сіздер сауда орындары тағы да басқа жерлерде есеп айырысу құралы ретінде пайдалана алмайсыз. Байқасаңыз, оң жақта жатқан ескі үлгідегі ақшаларда алақан мен бәйтеректің суреті бар. Ал сол жақтағысы 2011 жылы айналымға енгізілген. Төлем құралдарында “Қазақ елі” монументі мен кептер бейнеленген.

Жомарт Қажырақымов – “ҚР Ұлттық банкі” РММ СҚФ директоры:

– Бәйтерек бейнеленген 2 000, 5 000 және 10 000 теңгелік ақшаларды екінші деңгейлік банктердің бөілімшелерінде қазанның 4-інен бастап келесі 2017 жылдың қазан айына дейін коммисиясыз жаңасына ауыстыруға болады. Оған дейін үлгермегендер үш жыл ішінде, яғни 2020 жылға дейін ескі банкноталарды Қазпошта мен Ұлттық банктің аймақтардағы филиалдарына тапсыра алады.

Сонымен қатар, Ұлттық банк өкілдері мүлікті жария ету науқанының аяқталуына небары 3 ай қалғанын еске салады. Жомарт Қажырақымов тұрғындардың акцияға қатысу белсенділігі жақсы дейді. Бүгінде аталмыш акцияға 31 банк пен “Қазпошта” АҚ-ның филиалдары атсалысуда.

Жомарт Қажырақымов – “ҚР Ұлттық банкі” РММ СҚФ директоры:


– Мүлікті жария еті науқанының ІІІ кезеңі 2014 жылдың 1 қыркүйегінде басталды. Соданбері СҚО бойынша 29 шот ашылып, 8 млрд 815 млн теңгенің қаражаты заңдастырылды. Егер де шетелде ақшаларыңыз болса, банкте шот ашпай-ақ, өзге елдегі қаражатыңызда жай жария етуге болады. Ол жағдайда салық органдары 10 пайыз салық төлейтін боласыз.

Еске салайық, мүлікті жария ету науқаны желтоқсанның 31-і аяқталады. Содан кейін барлық азаматтардың Қазақстандағы және шетелдегі заңдастырылмаған ақшалары мен жылжымайтын мүліктерінің бар-жоқтығы тексеріледі. Акциядан тыс қалғандары, яғни заңға бағынбағандары табылса, жауапкершілікке тартылады. Қазіргі таңда Ұлттық банк ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру науқанын да өткізіп жатыр.

Жомарт Қажырақымов – “ҚР Ұлттық банкі” РММ СҚФ директоры:


– Ұлттық банктің шешімімен ол бағдарлама сәуірдің біріне дейін ұзартылды. Жоспар бойынша науқан осы жылдың аяғында аяқталуы керек болатын. Бүгінде 500-ден астам жерлесіміз банктер арқылы ипотекалық несиелерін қайта қаржыландырып, несиелерін біршама арзандатты. Бағдарлама бойынша несие 20 жылға 3 пайыздық мөлшерлемесімен бекітілді. Бұл халық үшін үлкен жеңілдік

Аталмыш бағдарламаға ел бойынша 130 млрд теңге бөлінді. Ипотекалық несиені қайта қаржыландыру бойынша өтініштерді кез келген банктерге барып беруге болады. Бірақ, барлығы бірдей жеңілдікті пайдалана алмайды. Қарызға батқандардың арызы мен шағымын арнайы комиссия қарастырады.

Берік Қасен