Білім

Петропавлда “Тіл – тұнық ойдың кәусары” атты облыстық олимпиада өтті

Нұрлан Жамантаев – СҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары:

– Олимпиаданың мақсаты – үш тілді – қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтау және қолдау. Қазақстандық патриотизмді нығайту.

Олимпиадаға аталмыш байқаудың қалалық және аудандық кезеңінің 13 жеңімпазы қатысуда.

Айсұлу Касимова – татар ұлтының қызы. 21 жастағы ару қазақ және орыс тілдерінде еркін сөйлейді. Шет тілін де меңгеру үстінде. Мектеп қабырғасында жүріп түрлі олимпиадаларға қатысқан ол қазір Аққайың ауданында логопед болып жұмыс жасайды.

Айсұлу Касимова – сайысқа қатысушы, Аққайың ауданы:


– Жеңіске сенемін. Олимпиадаға жақсы дайындықпен келдім.

Сайыстың 3 турынан сүрінбей өткен жеңімпаз олимпиаданың республикалық кезеңіне жолдама алады. Ол Астана қаласында қазан айында өтеді деп жоспарланған.

Айгерім Ержанова