МТРА жаңалықтары

Петропавлда “Мемлекет пен діндер диалогы ел тұрақтылығының негізі ретінде атты” конференция өтті

Салдарынын экстремизм және терроризм тәрізді жағымсыз жайттардың жиілеуі орын алды. Адамды дұрыс жолдан жаңылыстыратын мұндай құйтұртқы әрекеттермен жұмыла күресу керек. Ең алдымен ел тұрғындарын, соның ішінде жастардың діни сауаттылығын артыру қажет дейді Дін істері комитетінің талдау және өңірлік жұмысты үйлестіру басқармасының бас сарапшысы Бауыржан Шериязданов.

Бауыржан Шериязданов – ҚР МСМ Дін істері комитеті талдау және өңірлік жұмысты үйлестіру басқармасының бас сарапшысы:


– Қазіргі таңда біз жастарға қанафи масхабының дұрыстығын түсіндіруіміз керек. Қазақ халқының әдет-ғұрпын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу үшін біз жұмыс істеуімізге тиістіміз.

Теріс діни ағымды ұстанған жандардың арам пиғылы Қазақстанға да өз ықпалын тигізбей қоймады. Үстіміздегі жылы Ақтөбеде орын алған террористік акт соның айғағы болды. Дегенмен де қазір елдегі жағдай тұрақты. Әсіресе, солтүстік өңірде экстремизм мен басқа да жағымсыз іс-әрекеттердің ұшқыны сезілмейді.

Бауыржан Шериязданов – ҚР МСМ Дін істері комитеті талдау және өңірлік жұмысты үйлестіру басқармасының бас сарапшысы:

– Солтүстікқазақстанды діни ахуал тұрақты. Барлық тұрғындар ел Конституциясы бойынша жұмыс істеуде.

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда тағы этносаралық және конфессияаралық тұрақтылық тақырыбында сөз қозғалды. Жастарға елдегі ауызбіршіліктің маңызы айтылып, рухани құндылықтардың мән-жайы түсіндірілді.

Ескендір Тұрсынбай – студен:

– Маған конференция ұнады. Жиыннан мен өзіме қажетті мағлұматтарды алдым.

Айта кеткен жөн, Петропавлда “Мемлекет пен діндер диалогы – ел тұрақтылығының негізі ретінде” атты ғылыми-тәжірбиелік атты конференция жыл сайын ұйымдастырылады.

 

Байболат  Култанов