МТРА жаңалықтары

Петропавлда облыстық үздік психолог байқауы өтті

Мәселен, мына аудиторияда дәл қазір мектепке дейінгі жастағы балалар педагогтары тәжірибе алмасып, өздерінің идеяларымен бөлісу үстінде. Айту керек, жалпы бұл сайыста олар екі кезеңнен тұратын сыннан өтулері қажет.

Дариға Әбішева – “Өрлеу” БАҰО” АҚ филиалы “СҚО ПҚБАИ” аға оқытушысы:

– Бірінші кезеңде, қатысушылар «Мен мәселені анықтадым» білім беру үрдісіндегі жұмыс жүргізу барысында таңдалған мәселе бойынша таныстырылым дайындайды. Ал екіншісінде, алғашқы кезеңде ұсынылған проблемалық мәселені тәжірибе жүзінде көрсетулері қажет.

Жазира Сапарова Шал ақын ауданының Кеңес орта мектебінен келіп отыр. 5 жылдық еңбек өтілі бар маман қазылар алқасына «балалардың жаңа мектепке үйренісу» атты бағдарламасын таныстыруда.

Жазира Сапарова – Шал ақын ауданы Кеңес орта мектебінің психологы:


– Жыл сайын біздің мектепке жаңадан оқушылар келеді. Олардың жаңа ортаға үйренісуі қиын, түрлі мәселелер туындауы мүмкін. Сол мәселелерді болдырмау мақсатында мен осы тақырыпта зерттеу жүргізіп, бағдарлама жасадым.

Айту керек, дәстүрге айналған бұл байқауға биыл 20-дан астам психолог маман жиналған. Үздік деп танылғандар диплом және ақшалай сертификаттармен марапатталмақ.

 

Айгерім Ержанова