МТРА жаңалықтары

Мұғалімдерге төтенше жағдайда қалай дұрыс әрекет ету керек екені айтылды

Педагогтарға мектепте төтенше жағдай орын ала қалса қандай әрекет жасау керектігін айтып, жапа шеккен адамға алғашқы көмек көрсету жолдарын түсіндіруде.

Қайрат Садықов, СҚО ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері:


– Бүгінгі шараға барлық мектептің мұғалімдері қатысуда. Алдағы уақытта ЖОО-да өткізу жаспарда.

Төтенше жағдайлар дапартаментінің маманы дәрістен кейін, түтінге тұншыққан адамға жасанды дем беріп, дұрыс жгут салуды көрсетті. Күйік шалған кезде үй жағдайында емдеудің жолдарын да айтты. Кейін, тәжірибелік сабақ аяқталып, қатысушыларға оқушыларды эвакуациялау жолдары іс жүзінде көрсетілді.

Ганира Гандалиева, №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешені директорының орынбасары:

– Біздің мектебімізде жылына үш рет жоспар бойынша оқушыларды эвакуациялау шарасы өткізіледі. Барлық оқушылар, ұстаздар мен техникалық қызметкерлерге дейін сыртқа шығарылады. Бұл арқылы ұжым кез келген жағдайға дайын болады.

Өрттің алдын алу үшін қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтау керек екенін ұмытпау қажет.
Алайда, қызыл жалын шыға қалған жағдайда, оқушыларын түгендеп, сыртқа алып шығу – сынып жетекшілерінің міндеті. Бұл уақытта олар асықпай-аптықпай, ара қашықтықты сақтап жедел мектептен шығулары тиіс.

 

Акбопе Танирберген