МТРА жаңалықтары

Қызылжар ауданында өрт қауіпсіздігіне арналған акция өтті

Дмитрий Растихин – Қызылжар ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы:


–  Біз жыл сайын осындай шара ұйымдастырып, балаларға өртің алдын алу мен одан қорғанудың амал-тәсілдерін үйретеміз. Өйткені, тілсіз жау орын ала қалған жағдайда жасөспірімдер қорқып, не істеу керектігін білмей жатады. Ал мына шара барысында біз қауіпсіздік ережелерін қалай пайдалану жөнінде ақпарат береміз.

Бұдан соң балалар бірнеше командаға бөлініп, түрлі сайыстарға қатысты. Алғашқы ойында оқушылар өрт сөндірушінің киімін киюден уақытқа жарысты. “Парасат” мектеп-лицейінің оқушысы Елдос Қадыров бұл сайысты 1 минут 37 секундпен аяқтады.

Елдос Қадыров – “Парасат” мектеп-лицейінің оқушысы, Қызылжар ауданы:


–  Біз өрттен қорғанудың амалдарын үйрендік.

Шараға қатысқан балғындар акцияның маңыздылығын түсінеді. Сондықтан, олар мамандар айтқан әр кеңесті ұйып тыңдап, ұйымдастырылған түрлі сайыстарға белсенді қатысып отырды. Шара соңында үздік деп танылған 3 командаға дипломдар мен кубок және медальдар табыс етілді.

Айгерім Ержанова