МТРА жаңалықтары

Облыс орталығында сынып жетекшілерінің форумы өтті

Күлзағира Нұртаева – “Өрлеу” БАҰО” АҚ филиалы “СҚО ПҚБАИ” бөлім басшысы:

– Форумға сынып жетекшілері, директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері жиналды. Барлығы 150 адам. Құжатты сынып жетекшісінің рөлі, орны, оның жұмыс сітеу бағыттары көрсетілген.

Білім саласында 9 жылдық еңбек өтілі бар Рустам Есжанов сынып жетекшісінің ережесіндегі өзгерістер олардың мәртебесін көтеріп, мектептегі рөлін арттыруға сеп болады дейді.

Рустам Есжанов – Ильинка орта мектебінің мұғалімі, Есіл ауданы:


– Жалпы еңбек өтілім 9 жыл. Соңғы 5 жылда сынып жетекшісінің міндетін де атқарып келемін. Сынып жетекшісі оқушылардың ата-аналарымен жұмыс жүргізеді. Баланың оқуы мен тәрбиесін қадағалайды. Ашық сабақтар мен тәрбие сағаттарын өткізеді.

Бірақ, барлық міндетті сынып жетекшілеріне жүктей беру дұрыс емес дейді білім басқармасының өкілі Светлана Летучая. Бала тәрбиесіне өзге де мамандар атсалысуы қажет.

Светлана Летучая – СҚО бiлiм басқармасының бөлiм басшысы:

– Қазіргі таңда өңірдің барлық мектептерінде әлеуметтік педагогтар мен психологтар бар. Олар да бала тәрбиелеу ісіне белсенді араласып сынып жетекшілеріне көмек берулері қажет. Оқушылар өз проблемаларымен жеке қалмауы тиіс. Әрбір баланың жанұядағы мәселелерін, араласатын ортасын білу маңызды.

Сондай-ақ, жиында көпшілігі учаскелік инспекторлар ересек тұрғындармен ғана емес, балалармен де жұмыс жасасын деген ұсынысын жеткізді. Ол үшін мектеп әкімшілігі учаскелік инспекторларға арнайы жоспар құруып беруі тиіс. Осы күні кәмелет жасына толмағандармен жасалатын құқықбұзушылықтардың алдын алу -күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі. Бала бос уақытын тиімді өткізу үшін
оларды үйірмелерге қатыстыру керек. Бұл ретте тұрмыс жағдайы төмен отбасының балалары да тасада қалып қоймағаны жөн.

Берік Қасен