Құқық қорғау органдары

“Түнгі қаладағы балалар” жедел-алдын алу шарасының қорытындысы

Жақында тәртіп сақшылары 17 жастағы колледж студентін түнгі сағат 11-ден кейін Абай және Астана көшелері қиылысында кезіктірген. Жалғыз жүрген жасөспірімнің ата-анасын шақыртып, оларға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ал студентке жай ғана ескерту жасалды.

– Вы знали, что нельзя после 11 часов гулять? – Да, знал. Конечно, знал.В следующий раз повториться такое? – Нет. Следующего раза не будет.

Бүгінде облыс аумағында кәмелет жасына толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу және олармен жасалатын заңбұзушылықты болдырмау мақсатында “Түнгі қаладағы балалар” жедел-алдын алу шарасы өтті. Аталмыш шараға жергілікті атқарушы органдардың, білім, денсаулық сақтау және ішкі істер органдарының өкілдері атсалысты.
Жалпы өңірде аталмыш шара барысында түнгі уақытта үлкендердің қарауынсыз жүрген 115 жасөспірім ұсталып, соның 47-сі есепке алынған.

Тоғжан Ақмағамбетова, облыстық ІІД-ті баспасөз қызметінің көмегімен әзірленді