МТРА жаңалықтары

Петропавлда орыс жастары арасында облыстық “Тіл-парасат” атты байқау өтті

Бойжеткеннің анда-санда қазақша ән салатыны тағы бар. Бүгінгі сында орыс қызы өз білімін дәлелдеді. Үміткер алғашқы сайыста қазылар алқасына киіз үйдің құрылысын қазақ тілінде мүдірмей айтып берді.

Галина Жукова – байқауға қатысушы, Петропавл қаласы:


–  Сайысқа мұғаліммен бірге дайындалдым. Көп кітап оқыдым. Өзім қазақ тілін жақсы білемін. Қазақ ұлтының жастарымен араласамын.

Орыс жастары арасында ұйымдастырылған қазақ тілі білгірлерінің сайысы үш кезеңнен тұрды. Алдымен үміткерлер өз-өздерін таныстырып, суреттегі бейнені мемлекеттік тілде сипаттады. Кейін, қазылар алқасы ұсынған тақырыпта эссе жазып, соңғы сында байқау қатысушылары ән айтып, өлең оқыды.

Нұрлан Жамантаев – СҚО тілдерді дамыту басқармасы басшысының орынбасары:

 

– Бұл сайыс облысымызда осымен 10-шы рет өткізіліп отыр. Оған өңіріміздің түкпір-түкпірінен келген 13 үміткер қатысуда.

Сайыс соңында жүлдегерлер мақтау қағазы және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ал, жеңімпаз байқаудың республикалық кезеңіне жолдама алды. Жалпы, биыл өңірде Қазақстан халқы тілдерінің облыстық фестивалі аясында 300-ден аса түрлі іс-шара өтпек.

Култанов Байболат