Аптадағы маңызды жаңалықтар

Биыл “Нұр Отан” партиясының кадрлық резервіне 167 солтүстікқазақстандық алынады

Артур Молдағұлов – “Нұр Отан” партиясы СҚОФ төрағасының бірінші орынбасары:


– Аймақтық партиялық кадрлық резервке ену үшін кандидаттар 3 сатылы іріктеу жүйесінен өтуі қажет. Үміткерлердің әрқайсысы кәсіби, партиялық және жеке сипаттары бойынша кешенді тексеруден өтеді. Мысалы, партия мүшелігі бойынша өтілі 2 жылдан, ал жалпы еңбек өтілі 4 жылдан кем болмауы тиіс. Сондай-ақ, алған білімі мен партиялық қызметтегі сіңірген еңбегі де ескеріледі.

«Нұр Отан» партиялық кадрлық резервіне қылмыстық, әкімшілік жауакершілікке тартылмағандар және сыбайлас жемқорлық жасамағандар алынады. Партияның аймақтық кадрлық резервіне ел бойынша шамамен 3 мың адам енеді. Шарт бойынша барлығының арнаулы орта, жоғары білімі болуы қажет. Және кез келгені Конституциялық заңдар мен жетекші партияның саяси Доктринасы, стратегиялық құжаттарын бүге-шүгесіне дейін білуі тиіс. Себебі, олар келешекте мемлекеттік және облыстық маңыздағы бағдарламалардың тиімді жүзеге асырылуын қадағалайтын болады.

Артур Молдағұлов – “Нұр Отан” партиясы СҚОФ төрағасының бірінші орынбасары:

– Резервке әр ауданнан – 10, қаладан – 12, облыс орталығынан 25 кандидаттан алынады. Аймақтық резервке енген үміткерлер келешекте мәслихат депутаттығына, аймақтық саяси кеңестер, партиялық бақылау комиссиялары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестер және партияның басқа да органдарына жұмысқа орналаса алады.

Сондай-ақ, резервке алынған жерлестеріміз келешекте партияның орталық аппаратында және аймақтық, аумақтық филиалдарының аппаратындарындағы бос лауазымдық орындарға байқау негізінде жұмысқа орналастырылмақ.

Берік Қасен