Спорт

“Қызыл-Жар СҚ” мен “Алтай” тең ойнады

Сол себепті, кездесу тартысты өтеді деп халық көптеп жиналды. Ал жанкүйерлердің үмітін ақтамақ болған теріскейлік футболшылар шабуылдарын жақсы ұйымдастырып, қауіпті сәттер туғызды. Осылайша, ойынның 3-ші минутында Али Алиевтің асырған добын қорғаушы Карам Сұлтанов баспен қақпаға дәл бағыттап есеп ашты.

1-0. Қызылжарлықтар алда. Бұдан кейін “Алтай” ойыншылары шабуылға ден қойды. 33-ші минутта сол жақ қапталдан суырылып шыққан Сергей Шафф алыстағы бұрышты дәл көздеп Михаил Голубничийдан айласын асырды. Жерлестеріміз үшін жеңіс ауадай қажет. Осыны ұғынған шабуылшы Тимур Мульдинов бірінші тайм аяқталар тұста өзінің жеке шеберлігімен көзге түсіп, допты тоғыздыққа топ еткізді.

Осы қарқынмен ойынның алғашқы бөлігі аяқталды.

–  Ойын өте тартысты өтіп жатыр. Біздің команда мықты. Оны таблодағы көрсеткіш те айқындап тұр. Енді екінші таймда тек жеңіс күтемін.

Екінші тайм да қауіпті сәттерден кенде болмады. Есепті теңестіруге ұмтылған шығысқазақстандықтар допты қақпаның маңдайшасына да тигізді. Сәттілік жолдас болмады. Дегенмен де үзілістен бапкердің кеңесін мұқият тыңдап шыққан ардагер ойыншы Алексей Шакин өзіне берілген мүмкіндікті қалт жібермеді.

Есеп 2-2. Бізге керегі жеңіс. Команданың бас бапкері Владимир Фомичев нар тәуекел деп алаңға Гридин, Сапарғалиев және Гунченко сынды өзінің сенімді ойыншыларын алаңға шығарды. Бірақ, “Алтай” құрамасының ойыншылары қызылжарлықтардың лап еткен шабуылдарына төтеп беріп, таблодағы есепті тең қалпында сақтап қалды.

Неманья Видич – “Қызыл-Жар СҚ” ФК қорғаушысы:


– Ойын өте ауыр болды. Қарсылас команда кезінде атағы дүркіреген ардагер ойыншылармен қатар жастардан жасақталған. Бірден гол соқтық. Алайда, өз қақпамызды екі мәрте қорғап қала алмадық. Енді келесі ойындарда тек жеңіске жетуге тырысамыз.

Бұл матчтан кейін “Қызыл-Жар СҚ” командасы 40 ұпаймен турнирлік кестеде екінші орында тұрақтап тұр. Енді жерлестеріміз “Қарасай” стадионында қазанның 2-сі күні “Екібастұз” құрамасына қарсы ойын өткізеді.

 

Риат Шони