Денсаулық сақтау

Петропавлда Елатом зауытының құрылғылары арзан бағамен саудалануда

Батима Сайдалинова – Елатом құрылғылар зауытының менеджері:


–  «Унилор» аппаратын кез келген адам өз бетінше қолдана беруіне болады. Құрылғылардың арнайы сипаттамалары бар. Құлаққа, мұрынға немесе тамаққа арналған. Бұл құрылғы гайморит ауруын емдеуге де көмектеседі. Ол үшін аппаратты 7-10 күн бойы үзбей қолдану қажет.

Ал, «Мавит» аппараты ер адамдарға арналған. Ол – қуық ауруын емдеуде таптырмас аспап. Құны 55 мың теңгеден асады.
Бір күнде мына дәріханадағы “Үй дәрігері” сериясындағы физиотерапевтік аппараттардың 10-ға жуығы сатылады екен. Құрылғыларға 2 жылдық кепілдік беріледі. Оны қолданар алдында міндетті түрде дәрігердің кеңесін алған жөн.

Мадина Мырзабаева – ревматолог-дәрігер:


–  «Алмаг-01» аппараты жүрек-қан тамырлары жүйесі, бронха, ішек-қарын жолы ауруларын емдеуге септеседі. Буыны сырқырап, мазасы кетіп жүрген адамдарға да пайдасы бар. Иықтағы немесе шынтақтағы буындарға қолдануға болады.

Бұл емдік қасиеті бар аппараттарды зауыт бағасымен Конституция 2 мекен жайы бойынша орналасқан “Сердечная” дәріханасынан сатып алуға болады. Мәселен, «Алмаг-01» құрылғысы – 45 мың 600 теңге, «Унилор-01» 25 мың 700 теңге тұрады. Бірақ, бұл баға тек қыркүйек айының 27-сіне дейін ғана сақталмақ. Ал қазан айында аталған тауарлардың құны 5%-ға көтеріледі деп күтілуде. Қосымша толық ақпаратты 46-35-12 телефон нөміріне қоңырау шалып білуге болады.

Айгерим Ержанова