МТРА жаңалықтары

Петропавлда ҰОС қатысушысының ұрпақтарына әкесіне тиесілі “Қызыл жұлдыз” орденінің куәлігі табысталды

Кейін 1945 жылдың тамызында 394-ші атқыштар полкі қатарында Қиыр Шығыс фронтына жіберіледі. Онда жерлесіміз жапондарға қарсы соғысыпты. Кезекті бір ұрыста Тәшім Шәріпов қарсыластың оғы қарша бораған пулетін жойып, өзі ауыр жараланады. Осы ерлігі үшін оған “Қызыл жұлдыз” ордені тағайындалыпты. Мұны майдангердің ұрпақтары жуырда ғана білген.

Қайынжамал Тәшімова – “Қызыл жұлдыз” орденінің иегері Тәшім Шәріповтың қызы:

– Әкем жайлы ақпаратты ғаламтор арқылы білдік. Оның қайда соғысқанын, қандай ерлік жасағандығын жуырда ғана естідік. Ол соғыста жараланғасын 5 ай бойы госпитальда жатады. Кейін, қолын жарақаттап және бір көзінен айырылып елге оралған. Әкем тірі күнінде өзіне тиесілі “Қызыл жұлдыз” орденін ала алмай кетті. Тіпті, ол өзінің осындай марапатқа тағайындалғандығын да білмеген. 70 жылдан кейін бұл құрметті біз көріп жатырмыз.

Бүгін міне, майдангердің қызы Қайынжамал Тәшімоваға әкесіне тиесілі “Қызыл жұлдыз” орденінің куәлігі табысталды. Азаматша марапатты еліміздегі Ресей Федерациясы елшілігінің баспасөз хатшысы Юлия Лазовскаяның қолынан алды.

Ресей елшілігінің баспасөз хатшысы Юлия Лазовская өз сөзінде залда отырған ардагерлерге құрмет білдіріп, Ұлы Отан соғысында көрсеткен қазақстандық жауынгерлердің ерең ерлігін тілге тиек етті.

Юлия Лазовская – Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясы елшілігінің баспасөз хатшысы:

– Ұлы Отан соғысындағы жеңіс Ресей үшін қандай маңызға ие болса Қазақстан үшін де дәл солай. Өйткені, қос елдің де жауынгерлері ұрыс даласында қан төкті. Олардың ерлігі ұмытылмайды. Ал, Тәшім Шәріповтың Қиыр Шығыста соғысқандығын білеміз. Мен дәл сол жерде туылдым. Сол себепті, қазақстандық майдангердің ерлігі мен үшін ерекше ыстық.

Тәшім Шәріпов 1953 жылы қайтыс болған. Майдангердің артында 6 баласы қалған. Бүгінде олардан 24 немере, 33 шөбере мен 12 шөпшек тарап отыр.

 

Байболат Құлтанов