Биыл өңірімізде 6 балықшы суға кеткен

МТРА жаңалықтары

13:45 16 Қыркүйек 2016

Әуесқой балықшының бұл іспен шұғылданып жүргеніне 60 жылдан асыпты. Балық аулау қызықты іс болса да өте қауіпті. Сол себепті, әрқашан қауіпсіздік шараларын ұстанады.

Владимир Шустов – балықшы:


– Мен бұл жерде күнделікті балық аулаймын. Барлық қауіпсіздік шараларын сақтаймын. Кейде, қайықпен де суға шығамын. Ондайда арнайы желетті киіп аламын.

Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің мәліметінше өңірімізде жыл басынан бері 5 балықшы суға кеткен. Олардың барлығы да балық аулаған кезде қарапайым ережелерді ескермеген көрінеді. Соңғы оқиға шілде айында Есіл өзенінде орын алған. Жағалаудың шетінде балық аулап тұрған 50 жастағы қала тұрғының аяғы тайып кетіп, қаза тапқан.

Сергей Черкасов – СҚО ТЖД жедел-құтқару жасағы құтқару бөлімшесінің жетекшісі:

– Балықшылар көп жағдайда қауіпсіздік киімін кимейді. Суда оқиғаның қайғылы аяқталуы осыдан. Солтүстікқазақстандықтарға айтарымыз, балық аулауға шықпас бұрын құтқару желетін алуға кеңес береміз.

Осы ретте құтқарушылар балықшыларға қауіпсіздік ережесін естен шығармаулары үшін үнемі бүгінгідей түсіндіру шараларын жүргізіп тұрады.

Тогжан Акмагамбетова