МТРА жаңалықтары

Петропавлда қайырымдылық сенбілігі өтеді

Владимир Зарубин, “Петропавл ауыр машина жасау зауыты” АҚ кәсіподақ комитетінің төрағасы:

– Сенбілікке шығу арқылы қарттарға өз көмегімізді тигіземіз. Бір күн барлық жұмыскерлер зауыттың маңын және бірнеше қоғамдық орындарды сыпырып, қоқыстан тазартамыз. Бұл үшін алған ақшамызды қарттарға береміз. Одан бөлек түрлі спорттық сайыстар ұйымдастырып, ардагерлерімізге дастархан жаямыз.

Бұл күні сенбілікке тек ауыр машина жасау зауытының ұжымы ғана шықпайды. 17 қыркүйекте облыстық ардагерлер кеңесінің бастамасымен күрек-сыпырғышын сайлаған түрлі ұйымдар мен бірлестіктер көше, аулаларды жинастырмақ.

Әдия Ахметова, Облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары:

– Осы күні түскен қаражаттың 50 пайызы сол мекемеде қалуға тиісті. Себебі, ол мекемеде де өз ардагерлері мен қарт адамдары бар. Қалғаны аудандық, қалалық , облыстық ардагерлер кеңесінің шотына салынады.

Бөлінген қаражат мүгедек, жағдайы төмен және жалғызбасты қарттарға берілетін болады.

 

Акбопе Танирберген