МТРА жаңалықтары

Петропавлда отбасы құндылығы жайында облыстық семинар өтті

Сондықтан, ұстаздар қауымы білім беру ошақтары мен ата-аналардың және олардың балаларының қарым-қатынасын одан әрі нығайту мақсатында дәл осындай ауқымды семинар өткізуді жөн санаған.

Сандуғаш Байкенова – СҚО педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының тренері

– Осы тақырып көлемінде мұндай ауқымды шараны біз алғаш рет өткізіп отырмыз. Негізі рухани және интеллектуалды білімді қатар ұстауымыз керек. Бүгінгі семинарымыз арқылы біз қоғамға, ата-аналар мен балаларға үлкен ой саламыз деген сенімдемін.

Жиынға ел мақтанышы – Рио Олимпиадасының қола жүлдегері, Солтүстік Қазақстанның тумасы Эльмира Сыздықованың әкесі де қатысуда. 4 баланы үлкен өмірде қанат қақтырған Сыздықовтар отбасы “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің” деген қағиданы ұстанады. Сондықтан, Әнуарбек аға жары Мәрзия апаймен ұл-қыздарына әуелден үлгілі ата-ана болуды мақсат еткен. Олар балаларының бойындағы адамгершілік пен табандылық сынды қасиеттерді жоғары бағалайды. Әсіресе, бұл күллі әлем таныған қызы Эльмираның бойында байқалады дейді Әнуарбек Сыздықов.

Әнуарбек Сыздықов – ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Э.Сыздықованың әкесі:

 

– Мен 3 қыз бен бір ұлдың әкесімін. Тұңғышымыз ата-әжесінің қолында болды. Сондықтан, мен бірден әкелік сезімнің қандай болатынын бірден сезіне алмадым. Ал Эльмира – отбасымызда екінші бала. Ол менің қасымнан бір елі қалған емес. Кішкентайынан спортпен айналысты. Алға қойған мақсатына жету үшін барлығын жасайды. Көп еңбектенеді. Шаршаса да тырмысып, діттегеніне жетеді. Үнемі отбасын ойлап жүреді.

Эльмира Сызыдықова қазір күллі қазақ жұртының мақтанышына айналды. Енді оған қарап кішкентай ұл-қыздар да бой түзейтініне сенім зор.
Жалпы отбасы құндылықтарына арналған бүгінгі шараға 100-ден аса адам қатысты. Олар: студенттер, ата-аналар мен педагогтар.

Айгерім Ержанова