МТРА жаңалықтары

Петропавлда газдың бағасы тұрақталды

Бүгінде бұл мәселе алысқа бармай-ақ өз шешімін тапты. Қазір қалаға жеткілікті мөлшерде газ жеткізіліп, ол бұрынғы бағасы бойынша сатылуда.

Сәния Смаилова – Петропавл қаласы әкімінің орынбасары:


–  Петропавлдағы Ақтөбеден 18 жанар-жағар май құю бекетіне жергілікті 5 кәсіпорын газ тасымалдайды. Олар жуырда көгілдір отынның құнын 58-ден 75 теңгеге көтерген болатын. Бүгін облыс әкімі Ерік Сұлтановтың тапсырмасымен қалалық әкімдікте серіктестік басшыларының қатысуымен жиын өтті. Онда газдың құнын бұрынғы бағасына қайта төмендету мәселесі түбегейлі шешілді.

Қаламызда “Рока” серіктестігінің 9 жанар-жағар май құя бекеті бар. Осыдан бірнеше күн бұрын кәсіпорын өз тұтынушыларына газды талон арқылы сатыпты. Қазір бұл жағдай серіктестікте тұрақталған.

Наталья Антропова – “Рока” ЖШС кассирі:


–  Бүгінде біздің серіктестікте газ тапшылығы сезілмейді. Осыдан бірер күн бұрын көгілдір отынды талон арқылы сатып едік, енді ол жағдай түзелді. Қазір келген автокөліктердің иелеріне сұраулары бойынша газ құйып беріп жатырмыз.

Алдағы уақытта қалада көгілдір отынның құны 58 теңгеден жоғарыламайды. Оның бағасын аранйы құрылған бақылау тобы үнемі қадағалап отырмақ.

 

Байболат  Култанов