МТРА жаңалықтары

Өңірде жыл соңына дейін “Нұрлы жол” бағдарламасы аясында 3 үй қолданысқа берілмек

Оның 3 млрд-тан астамы Солтүстік Қазақстан облысына тиесілі. Бүгінде бұл сомаға өңірде 7 көпқабатты баспана тұрғызылуда. Оның 3-уі биыл қолданысқа беріледі деп жоспарланған.

Райхан Абдрахманова – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ СҚОФ директоры:

 

– “Нұрлы жол” бағдарламасы аясында өңірімізде 3 үйдің құрылысы аяқталуға жақын. Бұл дегеніміз – 220 пәтер. Айту керек, бұл жобаны алғашқы болып біздің облысымыз іске асыра бастады. Негізінде аталған жобаға қалалық әкімдікте пәтер кезегінде тұрғандар мен біздің банк салымшыларымыз қатыса алады.

Бұл пәтерлердің кілті тек «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің” клиенттеріне беріледі. Яғни, сатып алушының міндетті түрде аталған банкте есепшоты болуы керек. Және онда жылжымайтын мүлік құнының 30 пайызы болуы шарт.

Райхан Абдрахманова – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ СҚОФ директоры:


–  “Нұрлы жол” бағдарламасымен біздің банк арқылы пәтер иесі атану үшін жылдап кезекте тұрудың қажеті жоқ. Яғни, клиенттердің төлем қабілеттері болса, онда олар бірден аталған жобаға қатысу үшін өтініш жасап, 1-2 немесе 3 бөлмелі баспана иесі атана алады. Олар үшін пәтердің әр шаршы метрі 125 мың теңгені құрайды.

Айту керек, енді қыркүйек айының 15-і мен қазан айының 9-ы аралығында өңірде «Нұрлы жол» республикалық бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан жобаға қатысуға өтініш қабылдау жүргізіледі. Оны үйден шықпай-ақ, интернет арқылы онлайн түрде рәсімдеуге болады.

Арман Сүгіралин – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ СҚОФ маманы:

 

– Бұл мемлекеттік бағдарламаға қатысу туралы өтініш беру үшін біздің банктің сайтына кіру қажет. Кейін “Қолжетімді баспана” деген бөлімді ашып, СҚО-ын таңдайсыз. Бұл жерде сіздерге керекті барлық ақпарат шығады. Мысалы, клиентті 2 бөлмелі пәтер қызықтырса, мына сілтемені басу арқылы құрылысымен, бағасымен таныса алады. Және өзіне керектісін таңдап, құжатты рәсімдеуге көшеді.

Жалпы бүгінде облыс орталығында пәтер кезегінде 12 мыңнан астам адам тұр. Ал «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі”-нің салымшысы есебінде 22 мың солтүстікқазақстандық тіркелген. Жалпы ағымдағы жылы аталған банк баспана сатып алу үшін өңір тұрғындарына жалпы сомасы 380 млн теңгенің 103 займын берген.

Айгерім Ержанова