МТРА жаңалықтары

Облыс әкімі Былғары зауыты ауданында тұрғызылып жатқан дамбаның құрылысымен танысты

Мұндағы жұмыстар тамыздың 12-сі басталған. Содан бері біраз істің басы қайырылыпты. Уаскедегі жағдайды өңір жетекшісіне жоба жетекшісі Мұратбек Тұрғанбаев баяндап берді.

Мұратбек Тұрғанбаев – “KAZPACO” ЖШС жоба жетекшісі, Астана қаласы:


– Қазіргі таңда аумағы 2 Га жер тазаланып, ағаштар кесілді. Дамба салынатын жерде жарты метр топырақ қазылып алынып, орнына сары балшық төседік. Былайша айтқанда, 8,3 мың текше метр топырақ сыртқа шығарылды.

Өңір жетекшісі мердігер компанияның инженерлік дайындықтарына жақсы баға беріп, ауқымды шаруаның қысқа мерзімде аяқталуы қажет, бірақ сапалы орындалуы тиіс деді.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:


– “Былғары зауыты” ауданында дамба тұрғызылғанан кейін осы аудандағы елдімекенді су баспайды деген үміттемін. Бөгеттің ішкі жағына тасқын су келмейтіндей етіп жасалсын.

Бөгеттің құрылысына жалпы сомасы 589, 65 млн теңге жұмсалады. Бұл қаражат Үкімет резервінен алынған. Учаскеге 70 жұмысшы тартылып, сонша техника жұмылдырылған.

Жанат Сарыков – “KAZPACO” ЖШС шебері, Астана қаласы:


– Дамбаның негізгі бөлігін сары балшықтан тұрғызамыз. Үсіне қиыршық тас төсеп, су келетін жағын плиталармен бекітеміз.

Мұндағы барлық жұмыстар қараша айының аяғына дейін бітуі тиіс. Нысанды мерзімінде тапсыру үшін елордалық “KAZSPACO” компаниясы мен жергілікті “Юмент строй”серіктестігінің жұмысшылары екі ауысымда еңбек етуде.

Берік Қасен