Аптадағы маңызды жаңалықтар

Биыл Петропавлда 56 шақырымнан астам жол жөнделеді

Мердігер компания қызметкерлері бірнеше күннің ішінде Жамбыл мен Парк көшелерінің аралығын жөндепті. Олар мұнда жолды 3 жарым метрге кеңейтіп, жаңадан асфальт және кеспе тастар төсеген.

Ерік Сұлтанов – СҚО әкімі:


– Должен быть продольный сток, сделайте его. В целом, сделали хорошо и правильно, потому что здесь постоянно большой трафик. Коммуникации мы уже сделали.

Жуырда Жамбыл мен Мұқанов көшелерінің қиылысында жаңадан бағдаршам қойылмақ. Ал Тоқсан би көшесіне дейінгі аралыққа асфальт төселеді. Бұл жұмыстардың барлығына 28 миллион теңге бөлінген екен. Тағы, «Дорожник Ашык Аспан» серіктестігі өз қаражатына қалалық мешіттің маңына жол төсепті.
Ал, мынау – халық арасында “Қалыңдық үйі” атанып кеткен көпес Янгуразовтың баспанасы. Қазір бұл ғимаратты қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Істің 70 пайызы аяқталыпты. Алдағы уақытта мұнда медресе ашу жоспарланған. Аймақ басшысы, сондай-ақ, Петропавлдың шеткері аудандарындағы көшелердің абаттандырылуын байқады. Осыдан 1-2 күн бұрын бірінші Кирпичный көшесіне тас төселіп, 4 жарық шамы орнатылған екен.

Ерик Султанов, аким СКО:

– Чтобы оно было устойчиво, надо закрепить.

Ал, Жұмысшы кентіндегі Разин көшесіне қиыршық тастар төселіпті.
Өңір басшысы Ерік Сұлтанов қала шетіндегі 230 шақырым жолды да қалыпқа келтіру керектігін айтты.

Ерік Сұлтанов – СҚО әкімі:


–  Алдағы екі жылдың ішінде барлық жолдарға қиыршық тас төсеу керек. Көшелерді қалыпқа келтіру жұмыстары сапалы жүргізілуі тиіс.

Осы ретте Жұмысшы кентінің тұрғындары аймақ басшысынан тағы да бір өзекті мәселені шешуге септесуін сұрады. Шеткері ауданда суағарлар мүлде жоқ.

Ерік Сұлтанов – СҚО әкімі:


–  Әрине, суағарларды орнату қажет. Бірақ, бұл іс үлкен қаржыны талап етеді. Бүгінде аталған жұмыстарды Панфилов және Украин көшелерінде жүргізуді жоспарлап отырмыз. Алдағы екі жылдың ішінде мәселені шешуге тырысамыз. 1 көшеге суағарлар орнату үшін 200 миллион теңге керек. Ал, ондай қаржы бізде жоқ. Биыл республикалық қазынадан 1 миллиард 300 миллион теңге алдық. Ол қаражатты нысандарды жөндеуге және тасқыннан бұзылған жолдарды түзеуге жұмсадық.

Жалпы, осы жылы Петропавлда 56 шақырымнан астам жол қайта қалыпқа келтірілмек.

Байболат  Култанов