МТРА жаңалықтары

Ассамблея мүшелері жастармен кездесті

Аталмыш оқу орнының 1-ші курс студенті атанғандардың бірі – Гауһар Шерәлиева Теріскейге еліміздің оңтүстігінен келген болашақ маман иесі жан-жақтан жиылған жастармен танысып, қажет жағдайда бір-бірімізге қол ұшын береміз дейді.

Гауһар Шерәлиева – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті:

– Қазір Қытайдан екі оқушы бар. Өзіміздің тобымызда. Әрине, олармен оқыған өте қызықты. Олардан қытай тілін үйренеміз. Оларға қазақ тілін және орыс тілін үйретуге тырысамыз, әрине өзіміздің білгенімізше.

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-нде елімізде алғашқылардың бірі болып, Қазақстан халқы ассамблеясының кафедрасы ашылды. Оның жұмыс істеп жатқанына екі жыл болды. Аталмыш құрылымның жастар арасында ұлтаралық татулық пен сыйластықтың маңызын түсіндіруде рөлі ерекше.

Рашид Надиров – “Барбанг” күрдтер этно-мәдени орталығының төрағасы:

 


–  Біздің болашағымыз – жастардың қолында. Жастармен осындай кездесулерді жиі өткізу керек. Бүгінгі жастар өте белсенді. Олар қоғамдық жұмыстарға өте белсенді қатысып жатыр.

Айта кету керек, бүгіндері жоғарғы оқу орнында 3 мыңнана астам студент білім алуда.

Магжан Ахмадина