Аптадағы маңызды жаңалықтар

“Азық-түлік келісім шарт корпорациясы” ҰК” АҚ астықтың сатып алу бағаларын жариялады

Биыл Азық-түлік келісім шарт корпорациясы ағымдағы астық жинау науқанында сатып алынатын бидайдың сапасына қарай бағалық дәлізін кеңейткенін атап өткен жөн. Яғни, дән маңызы 26-27 пайызды құрайтын бидайдың тоннасына 50 мың теңге белгіленді.

Аблан Есентаев – “Азық-түлік келісім шарт корпорациясы”” ҰК” АҚ СҚО өкілдігі директорының орынбасары:


– Биыл 3-сынып бидайының тоннасы 41 000 теңгеден 50 000 теңгеге дейін, 4- сынып бидайының тоннасы 34 000 теңгеден 36 000 теңгеге дейін, 5-сынып бидай тоннасы – 30 000 теңге, 2-сынып арпасының тоннасы 25
000 теңге болып бекітілд.

Биыл өңірдегі 128 ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін Азық-түлік корпорациясынан жалпы сомасы 2,5 млрд теңгенің қарызын алыпты. Оны жер емген диқандар қарашаның біріне дейін ақшалай емес, әдеттегідей астықпен қайтаруы тиіс. Үстіміздегі жылы Форвардтық сатып алу бағдарламасына қатысқан тауар өндірушілердің 3-ші класстағы бидайы болмаса, қарызды 4-ші, 5-ші сыныптағы бидаймен де өтеуге болады. Ол үшін Азық-түлік келісім-шарт корпорациясына өтініш беру керек.

Аблан Есентаев – “Азық-түлік келісім шарт корпорациясы”” ҰК” АҚ СҚО өкілдігі директорының орынбасары:

 


– Сонымен қатар, қазір тура сатып алу бағдарламасы жүргізіліп жатыр. Бұл туралы диқандарды хабардар еттік. Біз 3-ші және 4-ші сыныптағы бидай және 2-ші сыныптағы арпаны сатып алудамыз.

Бүгінде Азық-түлік келісім-шарт корпорациясының өңірдің барлық аудандарында өкілденген элеваторлары бар. Аграрийлер маңдай термен жиып-терген өнімдерін алысқа апармай сол астық қабылдау кәсіпорнына тапсыра алады. Биылдан бастап элеваторлар астық қолхаттарының тiзiлiмiн электрондық түрде жүргiзетін болды.

Берік Қасен