Ауыл шаруашылығы

СҚО-да орақ науқаны жалғасуда

Оны жинауды мұндағылар тамыздың 20-сы бастапты. Астық шығымдылығы гектарынан 20 центнерден айналуда. Диқандар мына егістік жерден көбірек өнім алуды жоспарлап отыр. «Астана» сорты егілген бұл жердің бидайы бітік шыққан.
Ал арпаны агроқұрылым толық жинап алыпты. Гектар берекелігі 21 центнерді құрап отыр. Бүгіндері серіктестік 3 мың гектардан астам алқаптағы рапсты жинауда.

Мұндағылар рапсты жинап болуға жақын. Тек ауа райы мүмкіндік берсе болғаны. Бүгіндері қол қусырып отыратын кез емес Сондықтан, кәсіпорындағылар әр сағатты тиімді пайдаланып қалуда.

Николай Луговой – «Агросевер» ЖШС директоры, Шал ақын ауданы:

– Соңғы жауын-шашын шаруаны біраз тоқтатты. 2-3 күндеп тұрып қалған кездеріміз болды. Бірақ, біз тұрақты ашық ауық райын күтіп отырғанымыз жоқ. Күн шамалы дұрысталса болды танап басына шығамыз. Соңғы кездері егінді құлатпай, бірден комбайнмен оруға кірістік.

Күн райы оң қабақ танытса, мұндағылар астықты бір апта ішінде толық жинап алмақ. Бүгіндері серіктестік асыл тұқымды мал өсірумен де айналысады.

Николай Луговой – «Агросевер» ЖШС директоры, Шал ақын ауданы:

 

– 2013 жылдың қараша айында 300 бас қазақтың ақ бас сиырын алдық. Олардың 290-ы аналық болса, 10-ы -бұқалар. Бүгіндері зеңгі баба төлінің басы – 880 – ге жетті.

Биыл кәсіпорын әрбір аналық мал басына мемлекеттен субсидия алған. Оның көлемі – 33 млн теңгені құрапты. Жалпы Шал ақын ауданының шаруалары биыл 186 мың гектар жерге бидай сіңірген екен. Бүгіндері соның 75 пайызында егін орылса, 137 мың гектары бастырылыпты. Ал, астық шығымдылығы гектарына 17,4 центнерден айналуда.

Магжан Ахмадина