Аптадағы маңызды жаңалықтар

СҚО-да газ тапшылығы сезілуде

– Қаланың ішінде газ жоқ. 2 заправканы айналып келдім. Газ жоқ. Мына жерде қасындағы заправкада 75 теңгеден. Онда да жоқ.


– Мен газ орнатқанда 45 теңге болған. Сосын 51 теңге, қазір 58 болды. Енді 75 болды.

Өңірде көгілдір отын тасымалы төмендеп, ірі бекеттер аз-аздап сататын болған. Мұны пайдаланған кіші кәсіпкерлер бағаны қымбаттатып жіберген көрінеді.

Арман Өтегенов, СҚО бойынша табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің басшысы:

– Облыста 8 субъект автогазбен айналысады. Осы айда 3 субъектіге біз бағаны бекіттік. Бұл баға – 58 теңге 1 литрге. Басқа 5 субъектілер олар реестрге кірмейді. Сондықтан, олардың баға саясаты еркін.

Солтүстік Қазақстанда 70-тен астам газ құю бекеті бар. Оларды қамтамасыз ететін Ақтөбе зауыты көгілдір отынның бағасын 11 теңдеген 23 теңгеге көтерген. Өңірде газ тапшылығы сезіліп, бағаның қымбаттауының себебі де осы. Айта кетейік, алдағы уақытта, көпқабатты үйлердегі көгілдір отын да қымбаттауы мүмкін. Бүгін де тұрғындар оның 1 текше метрі үшін 430 теңге төлеп отыр.

Акбопе Танирберген