МТРА жаңалықтары

Қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

Ғалым Тасболатов – СҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары:

 


–  2015 жылмен салыстырғанда бұл 17,3 пайызға артық. Тағы ресурс үнемдегіш технологияның арқасында біз жөнделуі тиіс учаскелерді көбірек қамтып отырмыз. Қазір Тайынша- Чкалово, Корнеевка-Волошинка, Құлыкөл-Қаратал бағытындағы жолдар жөнделуде.

Ауқымды жұмыстар жыл басында уақытылы өткізілген байқаулардың арқасында мүмкін болған. Оның үстіне мемлекеттік сатып алулар электронды нұсқада жүргізіліпті. Ол да сыйбайлас жемқорлықты болдырмаудың бір амалы.

Ерік Сұлтанов – СҚО әкімі:

– Осы басқарманы ерекше атап өтуге болады. Олар бюджет бекітілген соң бірден байқау жариялап, ақпан айында мердігерлермен келісімшарттар жасасты. Біраз жұмыстар осылай ерте тындырылды. Осындай тәжірибені өзгелер де енгізсе, жақсы болар еді.

3 мемлекеттік қызмет түрін көрсететін экология департаментінде де жемқорлық фактілері тіркелмеген. Тек табиғат пайдаланушылар арасында экологиялық заңнаманы бұзудың 200-ге жуық фактісі анықталды.

Ермек Омаров – СҚО бойынша экология департаментінің басшысы:

– Жыл басынан 86 табиғат пайдаланушы тексерілді. Экологиялық заңнаманы бұзудың 193 фактісі анықталып, тағы 167-не қателікті түзету жөнінде ескерту жасалды. 20 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік айыппұл салынған. Соның 18 млн теңгеден астамы өндіріліп алынса, әлі 1 млн теңге сомасындағы 15 іс атқарылу үстінде.

Осы ретте бұрыннан өзекті болып табылатын қоқыс алаңдарының мәселесі қозғалды. Облыс әкімі әр елді мекенде олардың болуы қажеттігін айтып өтті. Кейін сөз алған Облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қабиден Сәдуақасовтың айтуынша, оларда да “бармақ басты көз қыстылыққа” жол бергендер жоқ. Ал орман және аңшылық шаруашылығы инспекциясында тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар бар.

Ережеп Жанатаев – СҚО орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясының басшысы:


– Ағымдағы жылдың 8 айында инспекция мамандарымен жасалған 5 тәртіптік іс анықталды. 4 қызметкерге ескерту жасалса, 1-уіне сөгіс жарияланды.

Кейін облыстық әкімдік жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы басталып кетті. Өңір мектептерінде оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Бірақ, жыл басынан кәмелеттік жасқа толмағандармен 56 қылмыс жасалыпты. Бұл сан былтырғы көрсеткіштермен бірдей болса да, аудандар арасында көш бастағандар бар.

Шолпан Каринова – СҚО білім басқармасының басшысы:


–  Былтыр Ғ.Мүсірепов ауданында кәмелеттік жасқа толмағандармен 1 қылмыс жасалса, биыл – 18. Тағы Ақжар ауданында – 2 және 2015 жылы оқушылар арасында қылмыс тіркелмеген Есіл, Тимирязев аудандарында үстіміздегі жылы қылмыстар орын алған.

Жасалған әр фактіге байланысты оқушылардан бөлек, мектеп басшылығы мен мұғалімдер де жазаланған. Осы ретте жиында мектеп инспекторларының аздығы да сөз болды. Өңірде 500-ден астам білім беру мекемесі болса, инспекторлардың саны – 84. Әсіресе, аудандарда олар өте аз көрінеді.
Кейін сөз алған облыстық ІІД криминалдық полиция бөлімінің бастығы Мыңбай Асылбеков бүреудің мүлкіне қол сұғушылардың жайын айтты. Аймақта үй тонау оқиғалары жиі тіркеледі екен. Содан кейін барып тізімде ұялы телефон мен мал ұрлығы тұр.

Мыңбай Асылбеков – СҚО ІІД криминалдық полиция бөлімінің бастығы:

–  Далада жайылып жүрген малды ұрлау фактілері жиі орын алады. Ондай 61 жағдай тіркелген. Жыл басынан жасалған статистика бойынша айтар болсақ. Малды қолды қылу фактілері ең көбі Тайынша, Тимирязев және Айыртау аудандарында болған. Тағы соңғы 5 жылда аталған ұрлық түрі Ақжар ауданында тыйылар емес.

Тәртіп сақшылардың пікірінше, тұрғындармен өткізген кездесулердің де қылмысты ашуда оң әсері бар. Бірақ, сондай жиындарды ұйымдастыруы тиіс жергілікті полиция қызметкерлері кей уақытта оларды қағаз түрінде жүзінде ғана өткізе салатын көрінеді.

Степан Зайтлер – СҚО прокуроры:


–  Біз тексеріс жұмыстарын жүргіздік. Мысалы, тұрғындармен кездесу өтуі тиіс кей жерлерде ұйымдастырылмаған. Айталық, Кәрім Сүтішев көшесі бойындағы 65-үйде кесте бойынша өтуі керек еді, алайда ол болған жоқ. Тағы Ақжар ауданындағы бірқатар елді мекендерде ондай жиындардың қағаз жүзінде ғана ұйымдастырылғаны анықталды.

Облыс әкімі мұндайға жол бермеу керектігін айтты.

Ерік Сұлтанов – СҚО әкімі:

– Елбасының “100 нақты қадам” Ұлт жоспарында жергілікті полицияның халық алдында есеп беру керектігі көрсетілген. Сондықтан, бұл жерде жалған ақпаратқа жол бермеу керек. Барлығы кестеге сай анық жүргізілуі тиіс.

Тағы жиында ұлтаралық қарым-қатынасты БАҚ-да насихаттау жұмыстары талқыланды. Осы ретте облыс әкімі Ерік Сұлтанов баспасөз бен теледидарда және ақпараттық агенттіктерде ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы жайлы көп жазылуы керек деді. Яғни әр елді мекен тұрғыны осы уақытта мемлекетіміздің қол жеткізген жетістіктерін көріп-білуі тиіс.

 

Магжан Ахмадина