МТРА жаңалықтары

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің облыстық басқармасында қоғамдық кеңестің отырысы өтті

Оның 80-пайызы – жеке, ал қалғаны заңды тұлғалардан жолданған екен. Солтүстікқазақстандықтарды, әсіресе денсаулық сақтау, тұрғын үй мәселесі және сот шешімдері толғандырған.

Марат Әлиханов – ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті төрағасының бірінші орынбасары:


–  Бүгінде ҚР Бас прокуратурасының арнайы тобы өңірлерді аралап, тұрғындарды толғандырған мәселермен танысуда. Біз халықаралық тәжірибеге сүйене отыра, аймақтарда атқарылған жұмыстарды бақылаймыз, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің жұмысын баяндаймыз. Қазіргі күні Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындарынан келіп түскен шағымдар саны былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 15 пайызға азайған.

Айта кету керек, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің сайтында “Онлайн-кеңесші” бағдарламасы жұмыс істейді. Аталған жоба арқылы тұрғындар өз өтініштерін ғаламтор арқылы жолдауға мүмкіндіктері бар. Онда азаматтардың шағымдарын мамандар тыңдап, тұшымды жауаптар береді.

Марат Әлиханов – ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті төрағасының бірінші орынбасары:


–  Бұл жоба арқылы тұрғындар көбінесе әкімшілік айыппұлдар, мемлекеттік және құқық қорғау органдарына жолдаған өтініштерінің қаралуы жайлы ақпарат сұрап білген. Тағы олар құқықтық статистикамен танысу үшін хабарласқан екен. Сонымен қатар, біздің комитетте биылғы жылдың 16 қаңтарынан бастап өтініштер мен статистикалық мәліметтер автоматты режимге ауыстырылды. Яғни, осының арқасында қажетті ақпаратты жылдам алуға мүмкіндік туып отыр.

Тағы жиында Марат Әлиханов бизнесмендердің құқықтарын қорғау және қоғамдағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған жобалармен таныстырды. Бүгінде Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетте “Бірыңғай мүлікті бақылау” және “Қылмыстық заңбұзушылық картасы” атты бағдарламалар да жұмыс істейді.

Култанов Байболат