Қоғам

Қазақстанда 35 мың ата-ананы қамтыған конференция өтті

Өйткені, баланың оқушы атануы – әке-шешесі үшін үлкен жауапкершілік. Балғындар жазу-сызуды меңгеріп, мектепке үйренулері үшін бар күш-жігерін салулары тиіс. Осы ретте ата-аналар қауымына мамандар көмектесіп, кеңестерімен бөлісуде.

Светлана Муртазоева, Отбасылық тәрбиелеу институтының өкілі, Астана қаласы:


– Бірінші сыныпқа келген балалар мектепке бейімделеді, үйреніседі. Сондықтан, біз жыл сайын осындай ауқымды конференция өткізіп, отбасындағы дұрыс қарым-қатынас, баланың өзге сыныптастарымен дос болып кетуіндегі ата-ана рөлі, мұғалім мен әке-шеше арасындағы байланыс сынды баланың жарқын болашағының қалыптасуына керекті маңызды кеңестер береміз.

Күлтәй Әміржанованың жиені биыл 1-ші сыныпқа аяқ басты. Зейнеткер бұған дейін өз балаларын оқытса, енді немере-шөберелерін мектепке жетелеп жүр. Өзі 40 жылдан астам уақыт бойы бастауыш сынып мұғалімі болыпты. Мұндай зор тәжірибесіне қарамастан қобалжуым бар дейді. Себебі, қазір мектептердегі білім беру бағдарламасы күрделене түскен. Бүгінгі жиынға қатысқан ардагер педагог ұстазға баланың әке-шешесі де қолдау танытып, бірлесіп тәрбиелеуі керек деген ойда.

Күлтәй Әміржанова, зейнеткер:


– Конференциядан зор әсермен шықтық. Оқушы тәрбиелеуге қатысты көп кеңестер берілді.

“21 ғасыр – қазақстандық ата-аналар” республикалық конференциясы өңірдің барлық 519 мектебінде өтуде. Мақсаты – 1-ші сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық қолдау таныту.

Күлпаш Қалғожина, СҚО бiлiм басқармасы басшысының орынбасары:

– Биыл 1-сыныпқа 8 500 солтүстікқазақстандық бала барды. Оларға өңірдің біліктілігі жоғары ұстаздары сабақ береді. Оқушылар жаңа кітаптармен қамтылып, жаңартылған бағдарлама бойынша білім алуда. Мұғалімдерге керегі – ата-аналардың қолдауы ғана.

Мұндай ауқымды ата-аналар жиналысы елімізде 5-ші мәрте өткізіліп отыр. Оған 35 мыңнан артық қазақстандық ата-ана қатысты.

 

Акбопе Танирберген