Спорт

Петропавлда “Құлагер” ХК мен “Алтай Торпедо” құрамасы кездесті

Периодтың басында тынымсыз шабуылдаған қонақтар сапындағы Ярослав Хромых көзге түсті. Көп кешікпей өскемендіктер жерлестерімізге тағы шайба салды. Бұл жолы Роман Вяткин гол авторы атанды.

Міне, матчтың алғашқы периоды аяқталды. Таблодағы есеп 0-де 2, әзірге «Алтай Торпедо» алда. Келесі 20 минуттық тартысты өтті. Бірақ, бұл кезеңде шайба соғылмады. Үшінші периодта жерлестеріміз сауатты ойнап, матчтың 49-минутында есеп айырмасын қысқарты. Шайбаны өз еншісіне Александр Егоров жазды. Көп кешікпей төреші ысқырығы шалынып, ойын аяқталды. Есеп 1-де 2.

Ильгиз Нуриев – «Құлагер» ХК капитаны:


– Қарсыластарымызды бағаламай кішкене босаңсып қалдық. Ертең бар күшімізді жинап, жеңіске жетуге тырысамыз.

Ал, келесі күні өскемендік “Алтай Торпедо” мен жергілікті “Құлагер” командалары арасындағы қарымта кездесу өтті. Ойынның бірінші перидында қонақтар алғаш болып есеп ашты. Кейін, матчтың 7-минутында Сергей Жаворонков таразы басын теңестірді. Сонмен, таблодағы есеп 1-де-1. Бірінші период аяқталды. Екінші жиырма минуттықта өскемендік құраманың ойыншысы Кирилл Савицкий гол соқты. Ал кездесудің 32-минутында құлагерлік Максим Волков қақпашыдан айласын асырып, есепті тағы да теңестірді.

Ал кездесудің үшінші кезеңі тартысты өткенімен есеп ашылмады. Енді ойын тағдыры матч соңындағы овер-таймда шешілмек. Бұл сында теріскейлік Владимир Бакика гол соғып құрамасынына жеңіс сыйлады.

Енді бұл жеңістен кейін “Құлагер” командасы келесі ойынын қыркүйектің 18-ы мен 19-і күні өткізбек. Онда теріскейлік ұжым сырт алаңда көкшетаулық «Арлан» кұрамасымен күш сынасады.

Акбопе Танирберген