Қоғам

Петропавлда бүгіндері алимент бойынша қарыз мөлшері 38 млн теңгені құрады

Олардың 3 бірдей баласы бар. Бірақ, 2014 жылдан бері жетімдер үйінде. Тас бауыр әке-шеше перзенттеріне бір тиын бермек түгілі артынан іздеп бармапты да. Бүгінде олардың қарыздары 2 жылдың ішінде 900 мың теңгеден асқан.

Дәл осы көше бойында орналасқан 24-ші үйде борышкер Иван Формихин тұрады. Ер азамат 2 жылдан бері алимент төлеуден жалтарып жүр. Осы жолы да оны кездестіру мүмкін болмады. Көршілері де оның қайда жүргендігінен бейхабар.

Ал төленуі тиіс сома болса өсіп жатыр. Бүгіндері Иван Формихиннің қарызы 700 мың теңгені құрап отыр.
Сот орындаушылары облыс орталығында балаларына алимент төлемейтін жауапсыз ата-аналар жетерлік дейді. Мамандар сол себепті, борыштарды өндіріп алу мақсатында тоқсан сайын осындай рейд шараларын жүргізуде.

Анастасия Самкова – СҚО әділет департаменті алименттік төлемдерді өндіріп алу жөніндегі бөлімінің сот орындаушысы:

 


– Жыл басынан әділет департаментінің алименттік төлемдерді өндіріп алу жөніндегі бөліміне Петропавл қаласы бойынша 3 мың 71 іс келіп түсті. Бүгінде оның тек 459-ы толық орындалды. Сондай-ақ, алименттік төлем жасаудан жалтарып жүрген 93 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жыл басынан петропавлдықтардың алимент бойынша жалпы қарызы 77 млн теңгені құраса, бүгінде соның 39 млн теңгесі өндіріліп алынған.

Тогжан Акмагамбетова