Қоғам

Қыркүйектің 12-сі Құрбан айт мерекесі басталады

Гүлмира Әбенова:


– Біз Құрбан айтқа әрқашан дайындаламыз. Бүгін бауырсақ пісірудеміз.

Сара апай болса қазақтың ұлттық тағамы – талқан әзірлеуде. Айтуларынша, үш күн айтта бұл әулеттің дастарханы жаюлы тұрады екен. Онда қолдан әзірленген тағамның түр-түрі қойылады. Дастархан жағы нәзікжандылардың мойнында. Ал, отағасы болса таңғы айт намазы оқылғасын құрбан шалмақ ниетте. Айту керек, бұл үйдегі жандардың барлығы да жыл сайын ауыз бекітеді. Артынша 70 күн салып келетін ұлық мереке – Құрбан айтын асыға күтеді.

Сара Үсіпбаева:


– Бұрын құрбанды біздің ата-аналарымыз шалды, кейін өзіміз, енді балаларымыз шалуда.

Алдымыздағы дүйсенбі, яғни 12 қыркүйек күні таңғы 8-де өңірдегі барлық мешіттерде айт намазы оқылады. Одан кейін барып тұрғындар құрбан шалуға кірісе алады. Бұл мақсатта Жұмысшы кенті, Космонавт 2 мекен жайында арнайы орын әзірленген.

Қанат Мұстафин, “Қызылжар” облыстық орталық мешітінің наиб имамы:

– Қойды құбылаға қаратып, өткір пышақпен бауыздаған абзал. Өкпе, жүрек, бауырын тілу керек.

Құрбан айт мейрамын мұсылмандар осымен 14 ғасыр бойы тойлап келе жатыр екен.
Үш күнге созылатын діни мерекеде Аллаға сенген жандар өкпе-ренішті ұмытып, жарым-жандарға садақа таратады. Бір-бірінің үйін аралап жақсылықтар тілеп, дастарханынан ауыз тиеді.

 

Акбопе Танирберген