МТРА жаңалықтары

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің облыстық басқармасы ашық есік күнін өткізді

Тыңдаушыларға жиын барысында Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетiнiң жұмысы айтылды. Дәлірек айтқанда, ақпараттық сервис веб-порталының мүмкіндіктері туралы баяндама жасалды.

Айдар Мұқанов – Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетiнiң СҚО бойынша басқармасының бөлiм бастығы:


– Ақпараттық сервисте қылмыстар туралы өтініштер беруге, тұлғаларды іздеуге немесе жаңадан сатып алған көліктің тарихын тексеруге болады. Тағы ақпараттық сервисте айыппұлдар туралы мәліметтер, статистикалық деректер, криминогенді аймақтар мен аудандар туралы ақпарат қолжетімді.

Жиын барысында Комитеттің “Веб-өтініш”, “Айқын”, “Бизнес тірегі” жобаларын тәжірибе жүзінде қолдану туралы қысқа да нұсқа ақпарат берілді.

Лариса Лукьянчин – Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетiнiң СҚО бойынша басқармасы бөлiмінің аға прокуроры:


– Комитеттің кәсіпкерлерге көмек ретінде тексеру жүргізу тәртібінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында «Бизнес тірегі» жобасы іске асуда. Бұл жоба арқылы жеке және заңды тұлғалар тексерудің нақты тіркелуі, оның негізділігі, тақырыбы, тексерушілердің құрамы туралы біле алады. Сонымен қатар, құқықбұзушылықтар жөнінде осы жобаны қолдана отырып хабарлауға мүмкіндік бар. Толық ақпаратты Комитеттің pravstat.kz сайтынан білуге болады.

Мұндай ашық есік күндері прокуратура органдары мен кәсіпкерлер және
облыс тұрғындары арасында тығыз байланыс орнатуға септігін тигізбек.

Берік Қасен